“Жырлайды жүрек”
Тума талант, өзін XXI ғасыр ұрпағының құрдасы санап, содан кейінгі буынның да туысы болатынын айқын ашып айтқан ақын -Мұқағали Мақатаев. Өзіндегі өлеңі өзгелерге шабыт сыйлап, қанат бітірді. Жыры жүрек қылын дөп басып, көптеген жанның бойындағы талантын ашып, сазгер атандырды. «Бүкіл менің жазғаным, бар-жоғы бір ғана бүтін поэма. Адамның өмірі мен өлімі, қасіреті мен қуанышы туралы поэма» -деген екен мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаев. 9 ақпан - Хантәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын туған күніне