24
ноябрь
2025
«Тәрбиелі бала – елдің болашағы»
Бүгін, 24.11.2025 ж. (Дүйсенбі) 6-сыныптарда «Тәрбиелі бала – елдің болашағы» тақырыбында тәрбиелік сынып сағаты өтті.
Сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларға жауапкершілік, тәртіп және үлкенге құрмет көрсету ұғымдарының мәнін түсіндіру, күнделікті өмірде осы құндылықтарды сақтай білуге тәрбиелеу.
Сынып сағаты барысында оқушылар өз ойларын ортаға салып, үлгілі оқушы болудың жолдары, отбасындағы және мектептегі тәртіп мәдениеті туралы пікір алмасты. Сонымен қатар үлкенді сыйлау мен кішіге қамқор болу – әрбір жас буынның басты парызы екендігіне ерекше назар аударылды.
➡️ Қорытындысында: оқушылар адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірудің маңызын түсініп, қоғамға пайдалы, жауапкершілігі жоғары тұлға болуға талпыну қажеттігін атап өтті.
✨ Тәрбиелі ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!