19
сентябрь
2025
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуі
Бүгін мектебімізде тарих бірлестігінің ұйымдастыруымен Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың діни сауаттылығын арттыру, радикалды идеологиялардың қауіптілігін түсіндіру және жастарды бейбітшілік пен толеранттылыққа тәрбиелеу болды.
Кездесуге Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің аға оқытушысы Мамырбаев Дидар және Алматы қаласы Дін істер басқармасының ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы және саясаттанушы Аубакирова Айдана Төлегенқызы қатысты. Мамандар оқушыларға діни экстремизм мен терроризмнің қоғамға тигізетін зияны туралы жан-жақты мәлімет беріп, теріс ағымдардың белгілерін қалай ажырату керектігін түсіндірді.
Сонымен қатар, спикерлер жастардың ақпаратты дұрыс қабылдап, сын тұрғысынан ойлай білуінің маңызын атап өтіп, әлеуметтік желілерде жалған діни насихатқа алданбауға шақырды. Іс-шара барысында оқушылар арнайы дайындаған көріністерін қойып, тақырыпқа байланысты сұрақтар қойды. Бұл олардың белсенділігін арттырып, тақырыпты тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Кездесу соңында мамандар оқушылардың сұрақтарына толыққанды жауап беріп, қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтау – әр азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті.