Алматы қаласы Білім басқармасының
"№141 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-69-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-69-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Өз әрекеттері үшін жауапкершілік», «Алматы-таза қала» бағдарламасы
24
ноябрь
2025

«Өз әрекеттері үшін жауапкершілік», «Алматы-таза қала» бағдарламасы

Бүгін оқушылармен «Өз әрекеттері үшін жауапкершілік», «Алматы-таза қала» бағдарламасы және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезіндегі қауіпсіздік сигналдары тақырыптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сабақ барысында оқушыларға:
🔹 жеке қауіпсіздік ережелері,
🔹 бейтаныс адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау,
🔹 қауіп тудыратын жағдайларды ажырату,
🔹 өз таңдауы мен әрекетінің салдарын түсіну
сияқты маңызды бағыттар бойынша ақпарат берілді.

Сонымен қатар «Кәсіптік бағдар: Кім боламын?» бағыты аясында оқушыларға болашақ мамандықтарды анықтау, өз қабілетін тану жөнінде кеңес берілді.

Сабақтың мақсаты — оқушыларда жауапкершілік сезімін қалыптастыру, қауіпсіздік мәдениетін арттыру, өз құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауға үйрету.

Айлық тақырыбы: Қараша — әділдік және жауапкершілік айы.
Ұраны: «Әділдікке берік болсаң, аяғың таймайды!»

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: