10
февраль
2025
"Ардагерлерді ардақтайық"
Алматы қаласы Әуезов ауданы №141 жалпы білім беретін мектепте "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жоба аясында "Болашақ - 141" бастауыш партия ұйымы, 9 "Ә", 9 «Б» сыныбының ұйымдастыруымен 10.02.2024 ж күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына, әскери интернационалистерді еске алу күніне арналған Ауған соғысының ардагерімен кездесу өткізілді. Кездесуге Ол 1987-1989жылдар аралығында Ауғанстанда әскери міндетін атқарып, Ауған соғысының ардагері атанған Омаров Бакытжан Кадирович қатысып, оқушыларға патриоттық тәрбие бере отырып, әскери міндеттің маңызын түсіндірді.
Мақсаты: Оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет бере отырып, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу. Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету. Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.#AMANAT