13
февраль
2024
Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өткізілді
Алматы қаласы Әуезов ауданы №141 жалпы білім беретін мектепте 10 "Б" сыныбының ұйымдастыруымен 13.02.2024 ж күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жол толуына, Әскери интернационалистерді еске алу күніне арналған Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өткізілді. Кездесуге Кеңес Одағының "Қызыл жұлдыз" ордені иегері Ахметов Арыстан Калиевич, Алматы қаласындағы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің "Жауынгер" қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Мемлекеттік "Айбын" ордені иегері Даркенбаев Байдаулет Құрманқожаұлы, Ауған соғысы ардагері, "Жауынгер" қоғамдық бірлесті гінің мүшесі Маликов Болат қатысып, оқушыларға патриоттық тәрбие бере отырып, әскери міндеттің маңызын түсіндірді. Мақсаты: Оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет бере отырып, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу. Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету. Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.