19
декабрь
2024
«Мен өнерлі баламын!» атты балалар шығармашылығына арналған концерт
Мектебімізде біртұтас тәрбие бағдарламасына негізделген «Әншуақ республикалық балалар байқауы» аясында «Мен өнерлі баламын!» атты балалар шығармашылығына арналған концерт өткізілді. Концертке композитор, республикалық байқаулардың дипломанты, «Білім саласының үздігі » төсбелгісі иегері Түзелбекова Бағила Атыханқызы қатысты. Бағила Атыханқызының «Тәуелсіз қазақ қызымын », «Ғарышкерлер», «Менің әжем», «Ана әні», «Анама», «Қазақстан» т.б. әндерін оқушыларымыз орындап, тыңдарманға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Бағила Атыханқызының өмір жолымен, өнерімен таныса отырып, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Концерт ардақты қонағымыздың «Қонақ кәдесі –Досыма » әнімен аяқталды.