Алматы қаласы Білім басқармасының
"№141 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-69-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-69-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
февраль
2025

“Жырлайды жүрек”

Тума талант, өзін XXI ғасыр ұрпағының құрдасы санап, содан кейінгі буынның да туысы болатынын айқын ашып айтқан ақын -Мұқағали Мақатаев. Өзіндегі  өлеңі өзгелерге шабыт сыйлап, қанат бітірді. Жыры жүрек қылын дөп басып, көптеген жанның бойындағы талантын ашып, сазгер атандырды.
«Бүкіл менің жазғаным, бар-жоғы бір ғана бүтін поэма. Адамның өмірі мен өлімі, қасіреті мен қуанышы туралы поэма» -деген екен мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаев. 
9 ақпан - Хантәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын туған күніне орай 
“Жырлайды жүрек” атты әдеби-сазды кеш өтті. Кешті ұйымдастырушы мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі.  Әдеби кеш жас оқырмандарға Мақатаевтың шығармашылық әлеміне терең үңілуге мүмкіндік беріп, қазақ әдебиетінің бай мұрасымен танысуға ықпал етті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: