21
ноябрь
2025
«Білім және мансап» атты XXIV Қазақстандық халықаралық көрме
2025 жылдың 21 қарашасында Алматы қаласы №141 жалпы білім беретін мектептің 9–10 сынып оқушылары жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Білім және мансап» атты XXIV Қазақстандық халықаралық көрмеге қатысып қайтты.
Бұл көрме – еліміздің білім беру саласындағы ең ауқымды және маңызды шаралардың бірі. Ол оқушыларға Қазақстанның және шет елдердің жоғары оқу орындары, колледждер, кәсіби бағдар беру орталықтары, білім беру ұйымдары мен халықаралық бағдарламалар туралы кең көлемді ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Көрме барысында оқушылар:
🔹 ЖОО өкілдерімен тікелей сұхбаттасып, қызықтырған мамандықтар жөнінде нақты ақпарат алды;
🔹 Гранттық жүйе, білім беру талаптары, құжат тапсыру кезеңдері туралы толық мәліметтер тыңдады;
🔹 Шетелдік университеттердің қабылдау шарттары, стипендиялық бағдарламалар және академиялық мобильділік мүмкіндіктерімен танысты;
🔹 Қазіргі еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар, болашақта өзекті болатын салалар бойынша мамандардың пікірін естіді;
🔹 Интерактивті стендтер, презентациялар, кәсіби бағыттағы тренингтер мен шеберлік сабақтарына қатысты.
Оқушылар бұл шараға үлкен қызығушылықпен атсалысып, болашақ мамандықтары жайлы ойланып, өз қабілеті мен қызығушылықтарына сәйкес бағытты таңдауға бір қадам жақындай түсті.
Көрме жас ұрпаққа кәсіби бағдар беруде, олардың дүниетанымын кеңейтіп, білім алуға деген ынтасын арттыруда үлкен рөл атқарды. Оқушылар заманауи мамандықтар, ғылым мен технологияның даму бағыты туралы жан-жақты ақпарат алып, білім алудың жаңа мүмкіндіктерімен танысты.
Мектебіміз оқушылардың болашаққа сеніммен қадам басуына жағдай жасап, осындай маңызды іс-шараларға қатысуын қолдауды жалғастыра береді.