Алматы қаласы Білім басқармасының
"№141 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-69-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-69-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
15
февраль
2025

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

✨ Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті! ✨

2025 жылдың 15 ақпанында қазақ тіл білімінің көрнекті қайраткері, филология ғылымдарының докторы, академик Рабиға Сыздықтың 100 жылдығына арналған «Инновация, тәжірибе, даму: педагогикалық ынтымақтастықтың жаңа дәуірі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
🔹 Конференцияның мақсаты – ғалымның еңбектеріндегі қазақ тілінің теориясы мен практикасына арналған зерттеу нәтижелерін қазіргі білім беру жүйесінде қолдану, халықаралық деңгейде оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерімен тәжірибе алмасу.📍 Конференция Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Филология факультетімен бірлесіп ұйымдастырылды.
👩‍🏫 Қатысушылар:✅ Түркия Республикасы Анкара университеті✅ Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті✅ Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты✅ №176 мектеп-гимназия✅ №141 жалпы білім беретін мектеп✅ №169 мектеп-лицей✅ №182 мектеп-гимназия✅ №208 мектеп-гимназия✅ Және 250-ден астам педагогтар мен ғалымдар.
📚 Конференция 5 бағыт бойынша өтті, нәтижесінде ғылыми баяндамалар екі бөлімнен тұратын жинақ ретінде басылып шықты.
🏆 Қатысушыларға сертификаттар, ал өз тәжірибесімен бөлісіп, баяндама жасаған ұстаздарға арнайы алғыс хаттар табысталды.
📖 Ұлағатты ұстаздардың ғылыми еңбектерін білім беру саласында одан әрі дамытуға үлкен мүмкіндік беретін маңызды жиын!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: