12
ноябрь
2024
"Орта білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру" атты Әуезов ауданы мектеп директорларына арналған семинар
Алматы қаласы Әуезов ауданы №141 жалпы білім беретін мектепте 2024 жылдың 12 қараша күні Әуезов аудандық білім бөлімінің басшысы Саттарова Г.Р және «ҚЖГҒӘО» аудандық білім бөлімінің әдіскері Ногайсарина Г.Ж басшылығымен "Орта білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру" атты Әуезов ауданы мектеп директорларына арналған семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: Білім беру ұйымдарында кәсіптік бағыт-бағдар берудің әдіс-тәсілдерін көрсету, диагностика жасай білу, оның түрлері, мамандық таңдаудағы қателіктер туралы мәліметтермен бөлісу. Семинардың барысында мектеп директры Умбетова Б.Б. семинардың мақсаты және мектептің бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныстырды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Успанова А.К. білім беру ұйымдарында кәсіби бағыт-бағдар берудің тұжырымдамалық негіздері туралы заң және тұжырымдамалармен таныстырып өтті. Семинар қатысушыларымен «Бұлақ көрсең, көзің аш» атты тренинг өткізілді. 9-сыныптарда «Оқушылардың потенциалын ашудағы негізгі құралдар» атты диагностика жасалғандығы, оның нәтижесі және 7-сыныптардан алынған «Мамандық-менің болашағым» атты сауалнама нәтижесі айтылса, семинар соңында 2023-2024 оқу жылында бастау алған «Педагогикалық сыныптар жобасы»-ның мақсат, міндеттері туралы мәліметтер берілді. Семинарда мазмұнды мәліметтер қамтылып, өз мақсатына жетті.