Алматы қаласы Білім басқармасының
"№141 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-69-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-69-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Сыныптағы тәрбие жүйесі және сынып жетекшінің рөлі» атты сынып жетекшілерге арналған семинар
29
октябрь
2024

«Сыныптағы тәрбие жүйесі және сынып жетекшінің рөлі» атты сынып жетекшілерге арналған семинар

Алматы қаласы Әуезов ауданы №141 жалпы білім беретін  мектепте  күзгі демалыс кезеңінде 29.10.2024 ж күні сағат 10.30-да «Сыныптағы тәрбие  жүйесі және сынып жетекшінің рөлі» атты сынып жетекшілерге арналған семинар өткізілді. Мақсаты: сынып жетекшілерге әдістемелік көмек көрсету. Семинар барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Н.Отарбаева "Біртұтас тәрбие бағдарламасы: жаңартылған мазмұны және оны енгізу алгоритмі", сынып жетекшісінің жұмыс жүйесі жайлы әдістемелік ұсынымдарды атап, 3 "Ә" сынып жетекшісі педагог-зерттеуші Н.С.Нусупбаева сынып сағаты жоспарын құру бойынша, қауіпсіздік сабағы, аптаның дәйексөздері бойынша ұсынымдар беріп, тәжірибемен бөлісті. Семинардың екінші бөлімінде Алматы қалалық ЖИТС орталығының эпидемиолог-дәрігері А.Д.Садықова "АИТВ/ЖИТС жұқпасының алдын-алу шаралары туралы дәріс оқып, маңызды ақпараттар беріп өтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: