Алматы қаласы Білім басқармасының
"№141 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-69-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-69-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
№141 жалпы білім беретін мектепте сейсможаттығу өткізілді.
21
октябрь
2025
№141 жалпы білім беретін мектепте сейсможаттығу өткізілді.
21 қазан 2025 жыл 🏫 №141 жалпы білім беретін мектепте сейсможаттығу өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты – төтенше жағдай кезінде оқушылар мен педагогтердің дұрыс әрі жылдам әрекет ету дағдыларын қалыптастыру. Жаттығу барысында эвакуация ережелері түсіндіріліп, қауіпсіздік шаралары тәжірибе жүзінде көрсетілді. ✅ Мұндай шаралар оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және төтенше жағдайларда дұрыс бағыт ұстануға үйретеді. 
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ
18
октябрь
2025
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес, «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» экологиялық акциясының басталғаны белгілі.   « ТАЗА ҚАЗАҚСТАН » бағдарламасын акциясы аясында "ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ » АҚ “Алматы” Магистральдық газ құбырлары басқармасы"  мектебімізге қолдау көрсете отырып,   мектебімізге бекітілген тақырыптар бойынша аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.  Акция  барысында, тал көшеттерін отырғызу және мектептің аумағында тазалау, ретке келтіру
«Төтенше жағдай кезіндегі оқушылармен оқытушылардың іс әрекеті»
25
сентябрь
2025
«Төтенше жағдай кезіндегі оқушылармен оқытушылардың іс әрекеті»
№141 жалпы білім беретін мектеп мектепішілік  сейсможаттығу  тақырыбы бойынша «Төтенше жағдай кезіндегі оқушылармен оқытушылардың іс әрекеті»  туралы 2025 жылдың 25.09. күні сағат 09:35-те  І ауысым, 14:35-те  ІІ ауысымда өтілгенін мәлімдейді. Жаттығу өз мезгілінде, кемшіліксіз өтілді. Дабыл соғылған кезде мұғалімдер мен оқушылар АҚ нұсқауы бойынша , белсенді ұйымшылдық көрсетіп,қауіпсіздік жерге шығарылды. Оқушылар саппен тізіліп,қоғамдық тәртіппен шықты ,алғашқы көмек көрсету, өрт сөндіру
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуі
19
сентябрь
2025
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында
Бүгін мектебімізде тарих бірлестігінің ұйымдастыруымен Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың діни сауаттылығын арттыру, радикалды идеологиялардың қауіптілігін түсіндіру және жастарды бейбітшілік пен толеранттылыққа тәрбиелеу болды.      Кездесуге Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің аға оқытушысы Мамырбаев Дидар және Алматы қаласы Дін істер басқармасының ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі,
«Мектепке жол»
05
сентябрь
2025
«Мектепке жол»
«Мектепке барар жол» – мейірімділікке бастар жол! 2025 жылдың 1 тамыз бен 31 тамыз аралығында Республикада «Мектепке жол» акциясы жарияланды.   Ата-аналарға  балаларды мектепке дайындау және киім-кешек, аяқ киім, кеңсе тауарлары жене т.б. жетіспеуіне байланысты балалардың мектепке бармауына жол бермеу үшін қолдау керсету. Бұл акцияның мақсаты – әр баланың білім алуға толық мүмкіндік алуы, жаңа оқу жылына қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі. Сонымен қатар, қоғамда қайырымдылық пен
Нашақорлықтың зияны және оның салдары
04
сентябрь
2025
Нашақорлықтың зияны және оның салдары
Алматы қаласы Әуезов ауданы №141 жалпы білім беретін мектепте ДТІЖО ұйымдастырумен  9-сынып оқушылар арасында «Нашақорлықтың зияны және оның салдары» атты лекция өткізілді. Лекцияны өткізген  «Наркопост» қоғамдық қорының жетекшісі Тажибаев Ерлан.      Мақсаты: Жас жеткіншектер арасында белең алып жатқан нашақорлықтың адам ағзасына зиянын білу, алдын алу . Лекция оқушыларға түсінікті әрі мазмұнды өтті.
Менің Отаным – Қазақстан!
02
сентябрь
2025
Менің Отаным – Қазақстан!
 Менің Отаным – Қазақстан! 2 қыркүйек күні Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Оқушылар өз Отаны туралы жүрекжарды ойларымен бөлісіп, туған жерге деген патриоттық сезімдерін жеткізді. Сынып сағаттары барысында еліміздің тарихы, мемлекеттік рәміздері және тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері туралы мазмұнды әңгімелер өрбіді.
“Үздік оқырман”
23
май
2025
“Үздік оқырман”
2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша ең көп көркем әдебиет оқыған оқырман “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында кітапхананың “Үздік оқырман” номинациясы бойынша 4 “Б” сынып оқушысы Жұмағали Мұхаммед марапатталды.