28
апрель
2026
«Қазақ киносы – ұлт айнасы»
Сынып жетекшілер апталығы аясында 6-сынып оқушылары арасында «Қазақ киносы – ұлт айнасы» атты сахналық көрініс байқауы өткізілді.Байқаудың мақсаты — оқушыларға қазақ кино өнерінің маңызын таныту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту және сахна мәдениетін қалыптастыру.
Іс-шара барысында әр сынып қазақ фильмдерінен үзінділер қойып, кейіпкерлердің бейнесін шынайы сомдай білді. Оқушылар өздерінің актерлік шеберліктерін, тіл байлығын, сахнада өзін ұстау мәдениетін көрсетті. Байқау өте тартымды, әсерлі әрі жоғары деңгейде өтті.
Қазылар алқасының шешімі бойынша қатысушылар түрлі номинациялармен марапатталды.