Алматы қаласы Білім басқармасының
"№141 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-69-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-69-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
март
2026

«Қыз – ұлт болашағы»

Мектебімізде 8-сыныптар арасында «Қыз – ұлт болашағы» атты «Қыз сыны» байқауы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – қыз балаларға ұлттық тәрбие беру, қазақ халқының салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын насихаттау, қыз баланың бойындағы инабаттылық, өнер, білім, тапқырлық қасиеттерін дамыту және олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
Қатысушылар бірнеше кезең бойынша сынға түсті. Атап айтқанда, таныстыру, өнер көрсету, салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап беру сияқты бөлімдер қамтылды. Байқау барысында оқушылар өздерінің жан-жақты дайындықтарын, сахна мәдениетін және ұлттық құндылықтарға деген құрметін көрсете білді. Қазылар алқасы әр кезең бойынша қатысушылардың өнерін бағалап, қорытынды нәтижесін шығарды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: