24
октябрь
2025
«Менің Қазақстаным» челленджі
№141 жалпы білім беретін мектепте «Менің Қазақстаным» челленджі аясында 1–4 сынып оқушылары арасында сурет байқауы өткізілді . Байқаудың мақсаты – жас ұрпақтың отансүйгіштік қасиеттерін дамыту, елге деген сүйіспеншілігін сурет арқылы бейнелеу және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру болды. Іс-шара барысында оқушылар өз туындыларын ұсынды, олардың еңбектері әділқазылар тарапынан бағаланып, үздік жұмыстар анықталды. Барлық қатысушылар белсенділік танытып, алғыс хаттармен марапатталды.