Алматы қаласы Білім басқармасының
"№141 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-69-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-69-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні»
29
апрель
2026

«1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні»

29.04.2026 ж. 10-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесіне арналған іс-шара әрі «Құндылыққа негізделген тәрбие – ұлт болашағының іргетасы» атты сынып жетекшілер апталығының қорытынды концерті өткізілді.
* Мақсаты: Қазақстанды мекендейтін түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық, сыйластық және өзара түсіністікті нығайту, оқушыларға «бірлік бар жерде – тірлік бар» деген құндылықты түсіндіру.
* Іс-шара барысы: Іс-шара барысында әр сынып елімізді мекен еткен ұлттардың билерін билеп, олардың мәдениеті мен өнерін сахнада көрсетті. Сондай-ақ оқушылардан құралған хор «Атамекен» әнін орындап, елге деген құрметі мен патриоттық сезімін жеткізді.
* Маңызы: Аталған іс-шара оқушылардың рухани дамуына, ұлттық құндылықтарды бағалауына және көпұлтты қоғамда татулықта өмір сүру дағдыларын қалыптастыруға оң ықпал етеді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: