22
апрель
2026
«Құндылыққа негізделген тәрбие – ұлт болашағының іргетасы»
Бүгін 2-сыныптар арасында «Құндылыққа негізделген тәрбие – ұлт болашағының іргетасы» атты сынып жетекшілер онкүндігі аясында Ыбырай Алтынсариннің өнегелі әңгімелерін сахналау іс-шарасы өтті. Онда оқушылар «Жаман жолдас», «Салақтық», «Әке мен бала», «Байлық пен ақыл» әңгімелерін сахналап көрсетті.Оқушылар бұл қойылымдар арқылы адалдық, еңбекқорлық, жауапкершілік пен достықтың қадірін түсініп, жаман әдеттен аулақ болу керектігін ұғынды. Әрбір кейіпкердің іс-әрекеті арқылы өмірлік маңызды құндылықтарды бойларына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің маңызын аңғарды. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас ұрпақтың рухани дамуына жол ашып, саналы әрі білімді тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.