07
апрель
2026
7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні
7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні
Бүгін мектебімізде 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай, №10 Қалалық емхананың дәрігер-терапевті Сейтова Гүлайым Мұратасылқызының қатысуымен қыздар арасында «Киім үлгісі – қыздың мәдениет айнасы» тақырыбында тағылымды жиналыс өтті.
Жиналыс барысында оқушыларға қыз бала тәрбиесі, сыртқы келбет мәдениеті, киім кию әдебі мен оның адам тұлғасын қалыптастырудағы маңызы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, денсаулықты сақтау, жеке бас гигиенасы және дұрыс өмір салтын ұстану жайында пайдалы кеңестер берілді.
Кездесу барысында оқушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақтар қойып, мазмұнды әңгіме өрбіді.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас ұрпақтың бойына әдептілік, талғампаздық және жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.