05
март
2026
«Нашақорлықпен күрес және оның алдын алу»
05.03.2026 ж. мектебімізде жоғары сынып оқушыларына арналған профилактикалық іс-шара өткізілді. Қалалық дәрігерлік әлеуметтік сауықтыру наркологиялық орталығының әдістемелік-ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің қызметкері, дәрігер-нарколог Ертай Динараның қатысуымен 9–11 сынып оқушыларына «Нашақорлықпен күрес және оның алдын алу» тақырыбында лекция ұйымдастырылды.
Кездесу барысында оқушыларға нашақорлықтың адам денсаулығына, психологиялық жағдайына және қоғамдағы өміріне тигізетін кері әсерлері туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар зиянды әдеттердің алдын алу, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы жөнінде ақпарат берілді.
Іс-шара барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, маман тарапынан нақты жауаптар алды. Мұндай профилактикалық кездесулер жасөспірімдер арасында зиянды әдеттердің алдын алуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.