Алматы қаласы Білім басқармасының
"№141 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-69-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-69-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебімізде жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ұлдар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында Алматы қаласы Әуезов ауданы Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі Оңғарбаев П.С. және қоғамдық қауіпсізд
17
апрель
2026

Мектебімізде жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ұлдар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында Алматы қаласы Әуезов ауданы Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі Оңғарбаев П.С. және қоғамдық қауіпсізд

Мектебімізде жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ұлдар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында Алматы қаласы Әуезов ауданы Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі Оңғарбаев П.С. және қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің ювеналдық полиция бөлімшесінің полиция лейтенанты Алимжанов Б.С. қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында жасөспірімдер арасында суық қару алып жүрудің қауіптілігі, оның заң алдындағы жауапкершілігі туралы түсіндірілді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің:
* 287-бабы (қаруды заңсыз алып жүру),
* 296-бабы (есірткі, психотроптық заттар, олардың аналогтарын заңсыз пайдалану және сақтау)
* 232-1-бабы – алаяқтық әрекеттерге байланысты «дропперлік» қызметке тартылу (банк картасын немесе жеке деректерін бөгде адамдарға беру арқылы құқықбұзушылыққа қатысу) бойынша жауапкершілік шаралары түсіндірілді.
Жиналыс кезінде оқушыларға құқықтық тәртіпті сақтау, мектеп ішкі ережелерін орындау, зиянды әрекеттерден аулақ болу туралы профилактикалық кеңестер берілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.
Жиналыстың негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру және заң талаптарын түсіндіру болды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: