08
ноябрь
2022
"Электрондық темекінің зияны", «Жеке бастың гигиенасы»
№141 жалпы білім беретін мектепте 2022 жылдың 8 қараша күні зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында "Электрондық темекінің зияны", «Жеке бастың гигиенасы» тақырыбында 9-10- сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Кездесуге №10 қалалық емхананың «Жастар денсаулық» орталығы терапевт - дәрігері Ердосова Г.Ж. және акушер-гинеколог Гаджиева Л. Б. аталған тақырыптар бойынша мазмұнды дәріс оқыды. Оқушылар сұрақтар қойып, жан-жақты жауаптар алды. Осындай мамандармен кездесіп отыру-оқушылар үшін өте маңызды. Бұндай іс-шаралар өз жалғасын табады.