25
апрель
2026
Мектеп аумағында тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
2026 жылғы 25 сәуір күні Алматы қаласында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілік аясында мектеп аумағында тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның мақсаты — мектеп аумағын көркейту, санитарлық жағдайын жақсарту және қоршаған ортаны таза ұстау мәдениетін қалыптастыру.Сенбілік барысында мектеп аумағы толық тазартылып, қоршау маңындағы 5 метрлік аймақ ретке келтірілді. Қоқыс, жапырақтар және тұрмыстық қалдықтар жиналып, арнайы қаптарға салынып, белгіленген контейнерлік алаңға жеткізілді.
Іс-шараға мектеп әкімшілігі, педагогикалық ұжым және техникалық қызметкерлер толық қатысты. Қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, жұмыстардың сапалы орындалуы қадағаланды.
Жалпы сенбілік ұйымдасқан түрде өтіп, қойылған міндеттер толық орындалды.