23
апрель
2026
“Балалар кітапханасы” жобасы аясында “ Кітап әлеміне саяхат” атты тақырыпта квест ұйымдастырылды.
141 жалпы білім беретін мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасардың ұйымластыруымен “Балалар кітапханасы” жобасы аясында “ Кітап әлеміне саяхат” атты тақырыпта квест ұйымдастырылды. Іс -шараның мақсаты:
Оқушыларды кітап оқуға баулу және қызығушылықтарын арттыру., ойлау қаблеттерін дамыту,топпен жұмыс жасау,логикалық қабілеттерін дамыту. Әдеби шығармаларды насихаттау және олардың танымдық, логикалық қабілеттерін дамыту.
Іс-шара барысында оқушылар топқа бөлініп, арнайы тапсырмалар орындады. Әдеби кейіпкерлерді табу, логикалық сұрақтарға жауап берді. Квест ойыны оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіріп , топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырады.Сонымен қатар оқушыларды кітап оқуға деген ынтасын арттырып,бос уақыттарын тиімді өткізуге бағыт береді. Белсенді қатысқан оқушылар марапатталып,оқушылар өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсете білді.
Іс-шараға 3 В сынып оқушылары қатысты.