Алматы қаласы Білім басқармасының
"№141 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-69-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-69-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Сыни ойлау мен талдау дағдыларын қалыптастыру: жаратылыстану сабақтарындағы тиімді стратегиялар»
10
апрель
2026

«Сыни ойлау мен талдау дағдыларын қалыптастыру: жаратылыстану сабақтарындағы тиімді стратегиялар»

10.04.2026 ж. Жас мамандар апталығы аясында «Сыни ойлау мен талдау дағдыларын қалыптастыру: жаратылыстану сабақтарындағы тиімді стратегиялар» тақырыбында іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – жаратылыстану пәндері (биология және физика) сабақтарында оқушылардың сыни ойлау және талдау дағдыларын дамытуға бағытталған заманауи оқыту стратегияларын таныстыру, олардың тиімді қолдану жолдарын тәжірибе арқылы көрсету және мұғалімдердің әдістемелік құзыреттілігін арттыру болды.
Іс-шара барысында сыни ойлау мен талдау дағдыларының маңыздылығы түсіндіріліп, биология және физика сабақтарында қолданылатын заманауи әдіс-тәсілдер ұсынылды. Мұғалімдер тәжірибелік тапсырмалар орындап, түрлі әдістерді практика жүзінде қолданып көрді. Сонымен қатар, қатысушылар арасында тәжірибе алмасу ұйымдастырылып, зерттеушілік дағдыларды дамыту жолдары талқыланды.
Практикалық бөлімде мұғалімдер эксперименттер қойып, оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамытуға бағытталған тапсырмалармен танысты. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар тарапынан оң пікірлерге ие болды.
Іс-шараны ұйымдастырушылар:
Жұман Аяулым
Узакова Саида

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: