05
ноябрь
2025
«Білім беру мен тәрбие үдерісінде инновациялық технологияларды ұштастыру арқылы мұғалім құзыреттілігін дамыту»

05 қараша 2025 жылы Алматы қаласы, Әуезов ауданы №141 жалпы білім беретін мектебінде оқу-тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес аталған тақырыпта семинар өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – мұғалімдердің инновациялық технологияларды тиімді қолдану арқылы кәсіби құзыреттілігін арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту және заманауи білім сапасын жетілдіру болды.
Семинар барысында қатысушыларға инновациялық технологияларды білім мен тәрбие үдерісіне енгізудің тиімді тәсілдері таныстырылды. Шарада келесі инновациялық әдіс-тәсілдер қолданылды:
• «Миға шабуыл» – белсенді ойлау қабілетін дамыту;
• «Кластер» – ойларды жүйелеу және талдау;
• «Инсерт» – жаңа ақпаратты меңгеру және өз тәжірибесімен байланыстыру;
• «Ашық микрофон» – еркін пікір білдіру және кері байланыс алу.
Семинарды Нұрмұхамед Ұлпан мен Рахимжан Аяжан жүргізіп, педагогтермен тәжірибе алмасты. Қатысушылар семинардың мазмұны мен қолданылған әдістердің тиімділігін атап өтіп, кәсіби дамуға оң әсер еткенін жеткізді.