21
февраль
2025
«Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыта отырып, жеке тұлғаның функционалдық сауаттылығын, білім сапасын көтеру» тақырыбында жас педагогтарға арналған қалалық семинар
Алматы қаласы, Әуезов ауданы, №141 жалпы білім беретін мектепте 21.02.2025ж күні математика және физика пәндер бірлестігінің «Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыта отырып, жеке тұлғаның функционалдық сауаттылығын, білім сапасын көтеру» тақырыбында жас педагогтарға арналған қалалық семинар өткізілді.
Мақсаты: Мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыру. Оқыту үдерісінде білім сапасын көтеруге арналған әдіс-тәсілдерді дамыту.
Міндеттері: Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілік туралы түсінігін кеңейту. Жеке тұлғаның функционалдық сауаттылығын дамыту жолдарын зерттеу. Оқыту әдістерін жетілдіру арқылы білім сапасын көтеру.
Семинардың ашылуында мектеп директоры Умбетова Балжан Базарханқызы алғы сөз сөйледі. Математика пәнінен Құрманқан Балғын 6 «Ғ» сыныбымен «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу», Абенова Гульмира Маулетовна 7 «Г» сыныбымен «Қысқаша көбейту формулалар көмегімен өрнектерді түрлендіру», физика пәнінен жас маман Жұман Аяулым Қалыбекқызы 8 «А» сыныбымен «Электр қыздырғыш құралдар. Қыздыру шамы» тақырыбында ашық сабақтар өткізілді. Шеңгелбаева Нургуль Рахимжановна «Физика пәніндегі заманауи әдістерді қолданудың ерекшелігі» тақырыбында шығармашылық есеп берді. Маманова Гулсим Мухашовна, Исмагулова Айгуль Калиевна ҰБТ/Математикалық есептерді шығарудың жолдарын көрсетсе, Серіков Нұрлыбек Серікұлы «Математика пәнін оқыту: Математика пәніне жаңаша көзқарас» атты шеберлік сабағымен бөлісті.