30
апрель
2026
Біз қандай құндылықтармен өсіп келеміз?
Біз қандай құндылықтармен өсіп келеміз? тақырыбында 8 сыныптар арасында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында оқушылар сенім, адалдық, жауапкершілік, бірлік, даму, еңбексүйгіштік, адамгершілік секілді маңызды құндылықтар туралы ой бөлісіп, өз көзқарастарын ортаға салды.Ұлттық тәрбие мен заманауи көзқарасты ұштастырған мазмұнды әңгіме барысында жас ұрпақтың тұлға болып қалыптасуындағы құндылықтардың орны кеңінен талқыланды.
Осындай тағылымды кездесулер оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, рухани дамуына жол ашады. Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел болашағы. Сондықтан олардың бойына ізгілік, парасат, адалдық пен жауапкершілік құндылықтарын сіңіру баршамызға ортақ міндет.