Алматы қаласы Білім басқармасының
"№141 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-69-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-69-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Әлеуметтік желілер оқушының оқуына кері әсер етеді»
30
апрель
2026
«Әлеуметтік желілер оқушының оқуына кері әсер етеді»
📢 29.04.2026 ж. 9-сыныптар арасында дебат өтті! «Әлеуметтік желілер оқушының оқуына кері әсер етеді» тақырыбында өткен пікір-сайыс оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытып, өз ойын еркін әрі дәлелді жеткізуіне мүмкіндік берді. Екі тарап та өз ұстанымдарын нақты деректермен, өмірлік мысалдармен қорғап, тың идеяларымен ерекшеленді. Дебат барысында қатысушылар әлеуметтік желінің пайдалы және зиянды жақтарын жан-жақты талқылап, уақытты тиімді пайдалану мәселесіне ерекше назар аударды. 👏
Біз қандай құндылықтармен өсіп келеміз?
30
апрель
2026
Біз қандай құндылықтармен өсіп келеміз?
Біз қандай құндылықтармен өсіп келеміз? тақырыбында 8 сыныптар арасында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында оқушылар сенім, адалдық, жауапкершілік, бірлік, даму, еңбексүйгіштік, адамгершілік секілді маңызды құндылықтар туралы ой бөлісіп, өз көзқарастарын ортаға салды. Ұлттық тәрбие мен заманауи көзқарасты ұштастырған мазмұнды әңгіме барысында жас ұрпақтың тұлға болып қалыптасуындағы құндылықтардың орны кеңінен талқыланды. Осындай тағылымды кездесулер оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, рухани
«1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні»
29
апрель
2026
«1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні»
29.04.2026 ж. 10-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесіне арналған іс-шара әрі «Құндылыққа негізделген тәрбие – ұлт болашағының іргетасы» атты сынып жетекшілер апталығының қорытынды концерті өткізілді. * Мақсаты: Қазақстанды мекендейтін түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық, сыйластық және өзара түсіністікті нығайту, оқушыларға «бірлік бар жерде – тірлік бар» деген құндылықты түсіндіру. * Іс-шара барысы: Іс-шара барысында әр сынып елімізді мекен
«Қазақ киносы – ұлт айнасы»
28
апрель
2026
«Қазақ киносы – ұлт айнасы»
Сынып жетекшілер апталығы аясында 6-сынып оқушылары арасында «Қазақ киносы – ұлт айнасы» атты сахналық көрініс байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты — оқушыларға қазақ кино өнерінің маңызын таныту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту және сахна мәдениетін қалыптастыру. Іс-шара барысында әр сынып қазақ фильмдерінен үзінділер қойып, кейіпкерлердің бейнесін шынайы сомдай білді. Оқушылар өздерінің актерлік шеберліктерін, тіл байлығын, сахнада өзін ұстау мәдениетін
«№141 мектеп көсбасшысы» іс-шарасы өтті.
28
апрель
2026
«№141 мектеп көсбасшысы» іс-шарасы өтті.
4-сыныптар арасында «Құндылыққа негізделген тәрбие – ұлт болашағының іргетасы» атты сынып жетекшілер онкүндігі аясында «№141 мектеп көсбасшысы» іс-шарасы өтті. * Мақсаты мен барысы: Онда оқушылар 5 турдан тұратын білімділер сайысына қатысты. Бұл сайыс арқылы оқушылар топпен жұмыс жасауды, салт-дәстүр мен тарихымыздың маңыздылығын ұғынды. * Негізгі міндеттер: * Ұлттық құндылықтарды (салт-дәстүр, тарих) тереңдету. * Зияткерлік қабілетті және тапқырлықты шыңдау. * Топ ішінде шешім қабылдау арқылы
Мектеп аумағында тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
25
апрель
2026
Мектеп аумағында тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
2026 жылғы 25 сәуір күні Алматы қаласында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілік аясында мектеп аумағында тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның мақсаты — мектеп аумағын көркейту, санитарлық жағдайын жақсарту және қоршаған ортаны таза ұстау мәдениетін қалыптастыру. Сенбілік барысында мектеп аумағы толық тазартылып, қоршау маңындағы 5 метрлік аймақ ретке келтірілді. Қоқыс, жапырақтар және тұрмыстық қалдықтар жиналып, арнайы қаптарға салынып, белгіленген контейнерлік алаңға
«Буккроссинг – кітаппен бөліс!» “ Балар әдебиетінен білім мен ғылымға” атты тақырыбында   шара ұйымдастырылды
24
апрель
2026
«Буккроссинг – кітаппен бөліс!» “ Балар әдебиетінен білім мен
10-сынып оқушылары арасында «Буккроссинг – кітаппен бөліс!» “ Балар әдебиетінен білім мен ғылымға” атты тақырыбында   шара ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, өзара кітап алмасу мәдениетін қалыптастыру және рухани құндылықтарды насихаттау. Шара барысында оқушылар өздері оқып шыққан қызықты кітаптарын әкеліп, арнайы бұрышқа орналастырды. Әр кітаптың ішіне шағын пікір немесе ұсыныс жазылған парақшалар салынды. Қатысушылар
«Әкем, анам және мен» отбасылық сайысы өткізілді.
24
апрель
2026
«Әкем, анам және мен» отбасылық сайысы өткізілді.
«Құндылыққа негізделген тәрбие — ұлт болашағының іргетасы» атты сынып жетекшілер онкүндігі аясында 3 сыныптар ұйымдастырған «Әкем, анам және мен» отбасылық сайысы өткізілді. Мақсаты: Отбасы мүшелерінің арасындағы ынтымақтастықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және балалар мен ата-аналардың бірлескен әрекеті арқылы дене белсенділігін арттыру. Сонымен қатар, ойын барысында ұйымшылдыққа, жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу және отбасы құндылықтарын дәріптеу көзделеді.
“Балалар кітапханасы” жобасы аясында “ Кітап әлеміне саяхат” атты  тақырыпта квест ұйымдастырылды.
23
апрель
2026
“Балалар кітапханасы” жобасы аясында “ Кітап әлеміне саяхат” атты
141  жалпы білім беретін  мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасардың ұйымластыруымен “Балалар кітапханасы” жобасы аясында “ Кітап әлеміне саяхат” атты  тақырыпта квест ұйымдастырылды.  Іс -шараның мақсаты: Оқушыларды кітап оқуға баулу және қызығушылықтарын арттыру., ойлау қаблеттерін дамыту,топпен жұмыс жасау,логикалық қабілеттерін дамыту. Әдеби шығармаларды насихаттау және олардың танымдық, логикалық  қабілеттерін дамыту. Іс-шара барысында оқушылар топқа бөлініп, арнайы тапсырмалар
“Балалар кітапханасы” жобасы аясында “Сиқырлы кітап” атты викториналық ойын ұйымдастырылды.
22
апрель
2026
“Балалар кітапханасы” жобасы аясында “Сиқырлы кітап” атты
141  жалпы білім беретін  мектепте директордың тәрбие ісі жөніндендегі орынбасарының ұйымдастыруымен “Балалар кітапханасы” жобасы аясында “Сиқырлы кітап” атты викториналық ойын ұйымдастырылды.  Мақсаты: Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білімдерін тексеру, ойлау қабілеттерін арттыру; Викториналық ойын барысында оқушылар түрлі кезеңдер бойынша сұрақтарға жауап беріп, шығармашылық тапсырмалар орындады.Ойын қызықты өтіп, оқушылар белсенділік танытты. Викториналық ойын 5 в сынып