Алматы қаласы Білім басқармасының
"№141 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-69-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-69-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Жас маман-2025» мамандықтар жәрмеңкесі
11
февраль
2025
«Жас маман-2025» мамандықтар жәрмеңкесі
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылды "Жұмысшы мамандықтардың жылы" деп жариялады. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталған.     Осы орайда,  №141 жалпы білім беретін мектеп, «Жас маман-2025» мамандықтар жәрмеңкесі атты ашық есік күнін өткізді. Іс-шара мақсаты: 9-сынып оқушыларына мамандықты таңдауда дұрыс шешім қабылдауына ықпал ету және
"Ардагерлерді ардақтайық"
10
февраль
2025
"Ардагерлерді ардақтайық"
Алматы қаласы Әуезов ауданы №141 жалпы білім беретін мектепте "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жоба аясында "Болашақ - 141" бастауыш  партия ұйымы, 9 "Ә", 9 «Б» сыныбының ұйымдастыруымен 10.02.2024 ж күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына, әскери интернационалистерді  еске алу күніне арналған Ауған соғысының ардагерімен  кездесу өткізілді. Кездесуге  Ол 1987-1989жылдар аралығында Ауғанстанда әскери міндетін атқарып, Ауған соғысының ардагері  атанған Омаров
“Жырлайды жүрек”
07
февраль
2025
“Жырлайды жүрек”
Тума талант, өзін XXI ғасыр ұрпағының құрдасы санап, содан кейінгі буынның да туысы болатынын айқын ашып айтқан ақын -Мұқағали Мақатаев. Өзіндегі  өлеңі өзгелерге шабыт сыйлап, қанат бітірді. Жыры жүрек қылын дөп басып, көптеген жанның бойындағы талантын ашып, сазгер атандырды. «Бүкіл менің жазғаным, бар-жоғы бір ғана бүтін поэма. Адамның өмірі мен өлімі, қасіреті мен қуанышы туралы поэма» -деген екен мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаев.  9 ақпан - Хантәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын туған күніне
"САМАЛ су" зауытына саяхат
30
январь
2025
"САМАЛ су" зауытына саяхат
Әуезов ауданы №141 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушылары «Керемет Су СКЕ» ТМ Самал су компаниясының өкілімен бірге "САМАЛ су" зауытына саяхат жасап келді.
«Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз»
07
январь
2025
«Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз»
​«Балалар кітапханасы» бағдарламасы және «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру аясында 2024-2025 оқу жылының 30 желтоқсан – 8 қаңтар аралығындағы қысқы демалыс кезінде мектеп оқушыларының бос уақытын пайдалы өткізу мақсатында «Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз» №141 ЖББМ-тің 6 «Ә» сынып оқушысы Арыстанбек Усман Б. Қайымова «Қазақстан халықтарының ертегілері» кітабынан "Қасқыр мен түлкі" ертегісін оқып, «Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз» тақырыбындағы іс-шара қатысты.
«Мен өнерлі баламын!»  атты балалар шығармашылығына арналған концерт
19
декабрь
2024
«Мен өнерлі баламын!» атты балалар шығармашылығына арналған концерт
Мектебімізде біртұтас тәрбие бағдарламасына   негізделген «Әншуақ республикалық балалар байқауы»  аясында  «Мен өнерлі баламын!»  атты балалар шығармашылығына арналған концерт өткізілді. Концертке композитор, республикалық байқаулардың дипломанты, «Білім саласының үздігі » төсбелгісі иегері Түзелбекова Бағила Атыханқызы қатысты. Бағила Атыханқызының «Тәуелсіз қазақ қызымын »,  «Ғарышкерлер», «Менің әжем»,  «Ана әні», «Анама», «Қазақстан» т.б. әндерін оқушыларымыз орындап, тыңдарманға көтеріңкі 
«Тәуелсіздік тірегім, Қазақстан жүрегім"  атты мерекелік ашық сынып сағаты
11
декабрь
2024
«Тәуелсіздік тірегім, Қазақстан жүрегім" атты мерекелік ашық сынып
№141 жалпы білім беретін мектепте 11.12.2024 ж күні 8 "Б" сыныбында Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік тірегім, Қазақстан жүрегім"  атты мерекелік ашық сынып сағаты өткізілді. Мерекелік іс-шара қонағы болып Желтоқсан оқиғасының қаһарманы, "Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерекелік  медаль иегері Аубакирова Райхан Калибаевна қатысты. Мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі  жеткен жетістіктерімен таныстыру.  Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік
«Желтоқсан – тәуелсіздік шежіресі» атты ашық сынып сағаты
09
декабрь
2024
«Желтоқсан – тәуелсіздік шежіресі» атты ашық сынып сағаты
№141 жалпы білім беретін мектепте 09.12.2024 ж күні 3"Ә"  сыныбында Тәуелсіздік күніне арналған «Желтоқсан – тәуелсіздік шежіресі» атты ашық сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі  жеткен жетістіктерімен таныстыру.  Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту. Отанын сүюге,ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу. Сынып жетекшісі: Нусупбаева Н.С
«Менің атым Қожа» повесі
27
ноябрь
2024
«Менің атым Қожа» повесі
Мектебімізде 6-сынып оқушылары арасында «Оқуға құштар” жобасы бойынша Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі оқуға берілген болатын. Бұл повесть бойынша екі кезең өткізілді, үшінші кезеңде осы шығарманың желісі бойынша оқушылар  көрініс көрсетті. «Маған ұнайтын кейіпкер» кезеңінің мақсаты: Оқушыларға жазушы өмірімен шығармашылығын таныстыра отырып, әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білімдерін толықтыру; Оқушылардың ой-өрісін, қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
«Ер қаруы – бес қару»  жылжымалы көрмесі
22
ноябрь
2024
«Ер қаруы – бес қару» жылжымалы көрмесі
22.11.24ж. 5-8 сыныпт оқушыларына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі  Алматы қаласындағы № 141  жалпы білім беретін мектебінде интерактивті-экспериметтік қор негізінде «Ер қаруы – бес қару»  жылжымалы көрмесін өткізді. Қазақстан тарихын зерттеу бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Қанағат Аятов «Ер қаруы – бес қару» тақырыбында оқушыларға дәріс оқыды және сұрақтарына жауап берді.  📌Көрмеге жауапты: көрме ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі: Айгүл Мусина.