Алматы қаласы Білім басқармасының
"№141 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-69-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-69-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"БІЗ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ МЕН ЭКОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАЙМЫЗ"
25
апрель
2024
"БІЗ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ МЕН ЭКОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАЙМЫЗ"
"Алматы- біздің ортақ үйіміз" атты науқаны аясында спорттық-экологиялық эстафета "БІЗ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ МЕН ЭКОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАЙМЫЗ" атты волейболдан оқушылар арасында мектепшілік жарыс ұйымдастырылды.  #Алматыбіздіңортақүйіміз #ҚалабіреуХалықтіреу
"Ә.Қастеев әлемі"
24
апрель
2024
"Ә.Қастеев әлемі"
"Әбілхан Қастеевтің туғанына -120 жыл" толуына орай "Ә.Қастеев әлемі" атты 8-17 жастағы оқушылар арасында өткен республикалық сурет көрме-байқауына қатысып, 1-орын алғаны үшін №141 жалпы білім беретін мектептің оқушылары Амангелді Жантөре І орын, ,  Назарбек Анна І орын , Аскербай Елназ ІІ орынмен марапатталып, жетекшісі Кабулова Бибигуль Лухпановна алғыс хатпен марапатталды. Құттықтаймыз!
"Әбіш оқулары" байқауының аудандық кезеңі
24
апрель
2024
"Әбіш оқулары" байқауының аудандық кезеңі
Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталағының ұйымдастыруымен өткен жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық "Әбіш оқулары" байқауының аудандық кезеңінде "Ә.Кекілбаевтың шығармаларын сахналық қойылым" номинациясы бойынша І орынды жеңіп алағны үшін №141 жалпы білім беретін мектептің оқушылары марапатталды.
«Баламызды кітап оқуға қалайша ынталандырамыз?, Баламен бірге кітап оқудың тиімді амалдары қандай?"
19
апрель
2024
«Баламызды кітап оқуға қалайша ынталандырамыз?, Баламен бірге кітап
№141 жалпы білім беретін мектепте 2024 жылдың 18,19 сәуір күндері 1-11 сыныптарда ата-аналар жиналысы болып өтті. Күн тәртібінде «Баламызды кітап оқуға қалайша ынталандырамыз?, Баламен бірге кітап оқудың тиімді амалдары қандай?" тақырыбында,  ІІІ оқу тоқсанының қорытындысы, мектеп жанындағы жазғы алаң лагері, жазғы демалыс кезіндегі, судағы қауіпсіздік ережелері, бірыңғай мектеп формасы,  әр түрлі мәселелер бойынша ата-аналар жиналысы өткізілді.
"Жер бетіндегі ең әдемі қала" атты суреттер мен картиналар байқауы
15
апрель
2024
"Жер бетіндегі ең әдемі қала" атты суреттер мен картиналар байқауы
"Алматы- біздің ортақ үйіміз" атты науқаны аясындағы "Жер бетіндегі ең әдемі қала" атты суреттер мен картиналар байқауы ұйымдастырылды. Акцияға 4,5,6,7 сынып оқушылары белсенді қатысты. #Алматыбіздіңортақүйіміз #ҚалабіреуХалықтіреу
"Құстарға ұя сыйла" акциясы
12
апрель
2024
"Құстарға ұя сыйла" акциясы
12.04.2024 ж күні №141 жалпы білім беретін мектепте "Алматы-біздің ортақ үйіміз" атты науқаны аясындағы "Құстарға ұя сыйла" акциясы ұйымдастырылды. Акцияға 4,5,6,7 сынып оқушылары белсенді қатысты. Оқушылардың жасаған ұяларын мектеп ауласында орналастырылып, Әуезов әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен "Family" паркте акцияға 20 оқушы 20 құсқа ұя сыйлап, іс-шараға белсенді қатысты. Акцияға ат салысып, белсенді қатысқан ұстаздар мен оқушыларға, ата-аналарға алғыс білдіреміз. #Алматыбіздіңортақүйіміз
"Алматы- біздің ортақ үйіміз"
11
апрель
2024
"Алматы- біздің ортақ үйіміз"
"Алматы- біздің ортақ үйіміз" атты науқаны аясындағы "Құстарға үй сыйла" акциясы ұйымдастырылды. Акция 4,5,6,7 сынып оқушылары белсенді қатысты. #Алматыбіздіңортақүйіміз #ҚалабіреуХалықтіреу
Жолда жүру ережесі туралы дәріс
04
апрель
2024
Жолда жүру ережесі туралы дәріс
№141 жалпы білім беретін мектепте 04.05.2024 ж күні 1-11 сынып оқушыларына учаскелік инспектор полиция капитаны Азимбаев Шыңғыс оқушыларға жолда жүру ережелі туралы айтып өтті.
"Менің бауырым" еріктілер жобасы
04
апрель
2024
"Менің бауырым" еріктілер жобасы
Балалардың құқықтарын қорғау және балалар саласындағы жобаларды тиімді басқару мақсатында "Менің бауырым" еріктілер жобасы аясында 2024 жылдың 4 сәуір күні Инновациялық техникалық колледж еріктілері Алматы қаласы Әуезов ауданы №141 жалпы білім беретін мектептің басшылығымен және әкімшілікпен кездесу ұйымдастырылды. Еріктілерге жұмыс істеу үшін 5 "Ғ", 6"А", 7"А" сыныптары бекітілді. Кездесу барысында студенттер волонтерлік қызмет, "Менің бауырым" жобасының мақсаттары мен міндеттері туралы айтып
«Тазалық – табалдырықтан басталады»
27
март
2024
«Тазалық – табалдырықтан басталады»
27.03.2024 ж күні Наурызнама онкүндігіне "Тазару" күніне орай жалпыұлттық экологиялық  акция аясында мектеп аумағына сенбілік ұйымдастырылды. №141 жалпы білім беретін мектеп ұжымы бір кісідей атсалысып, мектеп ауласына тазалық жұмыстарын жүргізді. «Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті.