Алматы қаласы Білім басқармасының
"№141 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-69-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-69-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"МЕН -КӨШБАСШЫМЫН"
15
ноябрь
2023
"МЕН -КӨШБАСШЫМЫН"
Бүгін 15.11.2023 ж күні Әуезов ауданы білім беру ұйымдарында мектеп парламенттері арасында "МЕН -КӨШБАСШЫМЫН" атты слетінде өз көзқарасын білдіріп, балалар ортасында жоғары адамгершілік-рухани мәдениетті, патриоттық сезіммен парламенттік жауапкершілікті қалыптастыруда белсенділік танытып, көшбасшылардың аудандық слетта қатысып, №141ЖББМ-тің 9"Ә" сынып оқушысы, өзін-өзі басқару ұйымының Президенті Баймуратова Арай мадақтамамен, білім беру ұйымдарында мектеп парламенттері көшбасшыларының аудандық
"Толағай"
14
ноябрь
2023
"Толағай"
14.11.2023ж күні "Эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің рөлі" атты эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында "Толағай" эстафеталық жарысы 2 -сыныптар арасында өткізілді. Мақсаты: салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.  Ойын қорытындысы бойынша "Қыран" тобы І орын, "Тұлпар" тобы ІІ орын, "Сұңқар" тобы ІІ орынды жеңіп алды. Құттықтаймыз!
"Ұлттық спорт"
13
ноябрь
2023
"Ұлттық спорт"
13.11.2023ж күні "Эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің рөлі"  атты эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында "Ұлттық спорт" жарысы 8-9 сыныптар арасында өткізілді.  Мақсаты: Оқушылардың арасында ұлттық ойындарын насихаттау. Қазақтың ұлттық ойындары: қол күрес, бұқа тартыс, арқан тартыс ойындары арқылы оқушылардың бойына ұлттық бірегейлікті сақтау, патриоттық сезімдерін жетілдіру. Жарыс қорытындысы бойынша: Бас жүлде 9"Ә"  сыныбы,  І орын 9" Г", ІІ орын 9" В", ІІІ орынды 8" Г"
Вейпсіз әлем» республикалық, суреттер челленджі
10
ноябрь
2023
Вейпсіз әлем» республикалық, суреттер челленджі
"ВЕЙПСІЗ ӘЛЕМ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СУРЕТТЕР ЧЕЛЛЕНДЖІ!  2-2 5 қазан аралығында жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған «Вейпсіз әлем» республикалық, суреттер челленджіне 9" Г" сынып оқушысы Бейсенбай Жібек , 9"Ә" сынып оқушысы Бейсенқызы Жұлдыз қатысып, сертификатпен марапатталды. Мақсаты - балалар арасында салауатты өмір салтын қолдау, зиянды әдеттерден бас тартуға, белсенді және салауатты өмір салтын ұстауға ынталандыру.@orken_instituty
Теңбіл доп
09
ноябрь
2023
Теңбіл доп
09.11.2023ж күні "Эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің рөлі" атты эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында 4-сыныптар арасында "Теңбіл доп" футболдан спорттық жарысы өтті. Мақсаты: футбол ойыны арқылы оқушылардың дене қабілеттерін дамыту және тәрбиелеу. Ойын ойнауға деген қызығушылықтарын арттыру. Ойын нәтижесінде 4"В" сыныбы І орын,  4"Ә"сыныбы  ІІ орын, 4 "Ғ" сыныбы ІІІ орын иеленді. Құттықтаймыз!
Кәсіби бағдар бойынша дәріс
08
ноябрь
2023
Кәсіби бағдар бойынша дәріс
Бүгін 08.11.2023 ж күні №141 жалпы білім беретін мектепте 10-11 сыныптың оқушыларына Сағадат Нұрмағамбетов атындағы құрлық әскерлері әскери институтының өкілі, майор Джанқұзақов Елжас Джумаханович кәсіби бағдар бойынша дәріс оқып, әскери институт туралы мәлімет берді.
"Эстетикалық тәрбие берудегі өнердің рөлі"
07
ноябрь
2023
"Эстетикалық тәрбие берудегі өнердің рөлі"
№141 жалпы білім беретін мектепте 07.11.2023 ж күні "Эстетикалық тәрбие берудегі өнердің рөлі" атты эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндігі ашылды.  Мақсаты: Оқушыларға спорт және жалпы өнердің әлеуметтік мәнін, оның қоғам  өміріндегі алатын орнын түсіндіру.
DARMEN қосымшасы
26
октябрь
2023
DARMEN қосымшасы
26.10.2023 ж күні сағат 15.00-де zoom платформасы арқылы төтенше жағдайлар департаменті оқушыларға DARMEN қосымшасы  жайлы түсіндірме жұмыстарын өткізді.
«Менің Отаным- Қазақстан» атты оқушылар арасындағы әндер байқауы
24
октябрь
2023
«Менің Отаным- Қазақстан» атты оқушылар арасындағы әндер байқауы
"25 қазан - Республика күні" ұлттық мереке қарсаңында 24.10.2023 ж күні өткен «Менің Отаным- Қазақстан» атты оқушылар арасындағы әндер байқауының аудандық кезеңінде 141 ЖББМ-тің "Аққанат" балалар хор ұжымы "Гүлдене бер, елім менің" әнін орындап, ІІ орын иеленді. Көркемдік жетекшісі: Сейлханова А. К. Құттықтаймыз!
"Алматы - әсем қала"
24
октябрь
2023
"Алматы - әсем қала"
Қала күніне орай жалпы орта білім беру ұйымдарының 3-10 сынып оқушыларының арасында "Алматы - әсем қала" байқауына қатысып, жүлделі ІІІ орын иеленгені үшін  7 "Ә" сынып оқушысы Назарбек Анна марапатталды. Жетекшісі: Карсыбаева Г.А.