Алматы қаласы Білім басқармасының
"№141 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-69-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-69-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Қарттарым-асыл қазынам"
30
сентябрь
2024
"Қарттарым-асыл қазынам"
№141 жалпы білім беретін мектепте 30.09.2024 ж күні 5" А" ,  4" А" , 2 "А" сыныптарда 🌟1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай "Қарттарым-асыл қазынам" тақырыбында ашық сынып сағаттары өткізілді.
«БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ»
25
сентябрь
2024
«БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ»
Әуезов ауданы №141 жалпы білім беретін мектепте 25.09.2024 ж күні «БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ» атты білім беру ұйымының педагогикалық ұжыммен офлайн жиналыс өткізілді. Күн тәртібінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру. Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – оқушылардың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігі. Бұл – отбасы мен мектептің ғана емес бүкіл қоғамның ортақ мәселесі, әрқайсымыздан сақтықты талап етеді.
"Ертегілер еліне саяхат" атты шара
23
сентябрь
2024
"Ертегілер еліне саяхат" атты шара
23.09.2024 ж Мектеп кітапханасында кітапхана меңгерушісі А.Б Спатаева мен А.И Намазбаеваның ұйымдастыруымен"Ертегілер еліне саяхат" атты шара барысында 2 ә сынып оқушыларының қатысуымен "Жақсылық пен Жамандық" ертегісінің кейіпкерлеріне талдау жасалды, оқушылар ертегіні жан жақты талқылады.
«Еңбек-түбі береке» атты сынып сағаты
23
сентябрь
2024
«Еңбек-түбі береке» атты сынып сағаты
"Біртұтас тәрбие” бағдарламасы негізінде барлық сыныптарда «Еңбек-түбі береке» атты сынып сағаты ұйымдастырылды. Мақсаты: білім алушыларды адал еңбекке баулу, еңбектің қоғамдағы рөлін түсіндіру және адал табыс пен адал еңбектің маңызын бағалау болып табылады. #біртұтас_тәрбие
"Әсем қала - Алматы!"
19
сентябрь
2024
"Әсем қала - Алматы!"
Әуезов ауданы №141 жалпы білім беретін мектепте 19.09.2024 ж күні 4-сынып оқушыларының қатысуымен "Әсем қала - Алматы!" атты қала күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Мақсаты: Оқушыларға Алматы қаласының тарихы жағдайында түсінік беру. Оқушылардың танымын, ойын, тілін дамыту. Өз елін, жерін сүйетін, өз елінің қалаларының өркендеуіне үлес қосатын азамат етіп, тәрбиелеу.
«Тіл-татулық тірегі»
18
сентябрь
2024
«Тіл-татулық тірегі»
№141 жалпы білім беретін мектепте 2024 жылдың 18 қыркүйек күні «Тіл-татулық тірегі» атты онкүндің жабылуына арнап бастауыш әдіс бірлестігі мерекелік іс - шара өтті. Мереке барысында оқушылардың орындауында түрлі өлең жолдары, көңілді ән шашу, мың бұралған бишілер, әсерлі күйлер болды. Мақсаты: Тіл – ұлттың мақтанышы, тірегі, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, туған тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге үйрету.
"Тіл-татулық тірегі"
12
сентябрь
2024
"Тіл-татулық тірегі"
12.09.2024ж "Тіл-татулық тірегі"  онкүндік аясында "Ахмет Байтұрсынов -ұлт ұстазы"  атты тақырыбында 5,8-9 сыныптар оқушыларын  тарих бірлестігі Ахмет Байтұрсынов  мұражайына мұражай-сабағы  өткізілді. Мақсаты:  Оқушыларға Ахмет Байтұрсыновтың қазақ тіл білімінің негізін салушы, қоғам қайраткері ретінде , ғылымға қосқан үлесі туралы, қазақ әдебиетіндегі орнын, оның ағартушылық және мұғалімдік қызметі туралы баяндау, мақалаларына талдау жасау. Оқушыларды ақын шығармашылығына құрметпен қарауға
"Менің Отаным - Қазақстаным" атты алғашқы бірыңғай сынып сағаттары
02
сентябрь
2024
"Менің Отаным - Қазақстаным" атты алғашқы бірыңғай сынып сағаттары
Алматы қаласы, Әуезов ауданы  02.09.2024 ж күні №141 жалпы білім беретін мектепте 1-11 сыныптарда "Менің Отаным - Қазақстаным" атты алғашқы бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту.
"Мектебім - мейірім мекені"
01
сентябрь
2024
"Мектебім - мейірім мекені"
Алматы қаласы, Әуезов ауданы  01.09.2024 ж күні №141 жалпы білім беретін мектепте "Мектебім - мейірім мекені" атты Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынның құрметті қонағы болып ардагер ұстаз, Білім беру ісінің үздігі Аманжол Кулай Мұстафақызы, Желтоқсан қаһараманы Сулейменова Жанар Жакуллақызы, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы АҚ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты «Педагогика және пәндік әдістеме» кафедрасының аға оқытушысы Тайтанова Нуржамал
«Тіл үйренейік!» атты жазғы тілдік лагерь
12
август
2024
«Тіл үйренейік!» атты жазғы тілдік лагерь
2024 жылдың 12 тамыз күні № 141 жалпы білім беретін мектепте 6-7-сынып оқушыларына арналған «Тіл үйренейік!» атты жазғы тілдік лагерь өз жұмысын бастады. Лагерьдің ашылуына 6-7 сынып пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері қатыстырылды. Тілдік жазғы лагердің мақсаты:  оқушылардың  шет тілінің коммуникативтік құзыреттілігін және оның құрамдас бөліктерінің жиынтығын дамыту , шет тілін үйренуге деген ынтасын қалыптастыру. #жазғытілдіклагерь