04
март
2025
«Оқытудың заманауи әдістерін қолданып, оқушылардың ынтасын арттыру жолдарын қарастыру»
№ 141 жалпы білім беретін мектепте «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында креатив, әсер қалдыратын тапсырма беру арқылы оқушының қызығушылығын арттыру» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі мұғалімдерінің қалалық семинары болып өтті. Мақсаты: «Оқытудың заманауи әдістерін қолданып, оқушылардың ынтасын арттыру жолдарын қарастыру»
Семинардың 1-бөлімінде мектебіміздегі «Абай мұражайына» саяхат жасалды. Қазақстан -1 ұлттық телеарнасының журналисі Гүлмира Нәлібай «Абай музейінің» директоры, ардагер-ұстаз Каримова Лиза Каримқызынан, № 141 жалпы білім беретін мектеп директоры, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері Умбетова Балжан Базархановнадан музейдің құрылуы, мектеп өмірі жайлы сұхбат алды.
Семинардың 1-бөлімінде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Абай әлемі – рухани кемелдіктің ізі» тақырыбында әдеби-поэзиялық кеш ұйымдастырылды.Кешке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, кино және театр актері, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері, "Құрмет" Орденінің иегері- Болат Мәзімбайұлы Әбділманов мырза, филология ғылымдарының докторы, профессор Рысалды Құсайын Тынысбайұлы, Қазақстан -1 ұлттық телеарнасының журналисі Гүлмира Нәлібай және Алматы қаласының мектептерінен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.
Семинардың практикалық бөлімінде 3 ашық сабақ, ал теориялық бөлімінде коучинг, семинар-практикум өткізілді.
Жоспарланған іс-шараларға мектеп әкімшілігі мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі мұғалімдері атсалысып, семинардың жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты.