Алматы қаласы Білім басқармасының
"№141 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-69-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-69-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
март
2025

«Аталар өсиеті»

17.03.2025ж. күні  №141 жалпы білі беретін мектепте,  Ата -аналарды педагогикалық қолдау орталығының  «Даналық мектебі» жоспары  аясында 3 сынып  оқушыларының «Аталар өсиеті» секциясы бойынша ұйымдастырған  іс шарада ақын-жазушылармен кездесу өткізілді.
Мақсаты: Аталардан қалған ұлағатты сөздерді балаларға ұғындыру, аталы сөзден өнеге, үлгі алуға баулу. Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігін, ұлттық қасиетімізді оқушылар бойына қалыптастыру. Ата-бабалармыздан бізге жеткен көптеген ғибрат аларлық, тамаша тәлім-тәрбие берерлік сөздер өте көп айтылды. Осы сөздерден өнеге алар мақсатында өткізілді. Іс-шарада Байбота Серікбайұлы Қошым – Ноғай - ақын, аудармашы, көсемсөзші және Бұқарбек Бақыт Барлыбекұлы – балалар ақын-жазушыларымен кездесу өткізілді.
Жауаптылар: 3 сынып жетекшілері және оқушылары.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: