09
ноябрь
2021
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, ақын, «Ауылдан шыққан миллионер» атты хикаятынының авторы Досжан Сәуле Мағазбекқызымен кездесу.
№141 жалпы білім беретін мектепте «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша 8-сыныптармен жазушы Сауле Досжанның «Ауылдан шыққан миллионер» атты хикаятын оқып, талдау жұмыстары жүргізілді. Осы жұмыс барысында шығарманың авторымен кездесу идеясы туындап, бүгін 09.11.2021ж. «Үлгі болар жол...» деген атпен ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, ақын, «Ауылдан шыққан миллионер» атты хикаятынының авторы Досжан Сәуле Мағазбекқызымен кездесу ұйымдастырылды.
Мақсатымыз: Халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген Сәуле Досжанның шығармаларын оқуды насихаттау, жазушының өнегелі өмір жолын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын дамыту, хикаяты талдай отырып, адал еңбектің арқасында жетістікке жеткен адамның өмірін жас ұрпаққа үлгі ету.
Кездесуіміздің құрметті қонағы ақын , жазушы Сауле Досжан бұл кітаптың жалғасы бар екендігін, «Мақсатқа апарар жол» деп аталатындығын айтып, оқушыларға оқуды ұсынды.