Алматы қаласы Білім басқармасының
"№141 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-69-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-69-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕ ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ЖӘНЕ ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ»
25
ноябрь
2025

«ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕ ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ЖӘНЕ ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ»

Бүгін 25.11.2025 ж, Алматы қаласы, Әуезов ауданындағы  №141 жалпы білім беретін мектепте   «ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕ ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ  БЕРУДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ЖӘНЕ ДАМЫТУДЫҢ  ӨЗЕКТІЛІГІ» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция  өтті. 
Конференцияның  мақсаты - Мұғалімдердің кәсіби құзіреттерін дамытуда теориялық және  практикалық  тәжірибелерді  зерделеу, педагогтердің біліктілігін арттыру мәселесі бойынша диалог  алаңын құру. 
Конференцияның міндеті- қазіргі білім беру жүйесінде  заманауи трендтерді қолдану, халықаралық дәрежедегі оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері мен тәжірибелеріне негіздеу, оларды ғылыми-әдістемелік тұрғыдан саралау.
Бүгінгі халықаралық конференция жұмысы Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті, тарих және құқық факультеті, Академик Т.С. Садықов атындағы жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы кафедрасының қолдауымен, Алматы қаласы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы, «ӨРЛЕ-EDUCATION» республикалық оқу әдістемелік ортaлығы, №141 ЖББМ, №13 мектеп-гимназия, А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназия, Өзбекстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы,Түркия Республикасының ғалымдары мен білім академиясының педагогтері мен Алматы қаласы, Алматы облысының  педагогтерінің қатысуымен өтті.
Бүгінгі конференция жұмысына қолдау білдіруші Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті,тарих және құқық факультеті, Академик Т.С. Садықов атындағы жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы кафедрасы.  Конференцияда Отандық және шетелдің  ғалымдары мен білім академиясының педагогтері іс тәжірибесімен бөлісті. 
Инесса Арамовна Тер-Мануэлянц- Арабаев атындағы университеттің «Педагогика» кафедрасының аспиранты. Халықаралық педагогикалық форумдарда баяндамашы, тақырыбы: «Как скорость чтения влияет на успеваемость и мотивацию ребенка. Какие основные виды ошибок существуют и как их корректировать.»
Бехудова Мехринисо Омон кизи- А.Авлони атындағы Ұлттық педагогикалық шеберлік институты, Ташкент, Өзбекстан Республикасы тақырыбы: «СОВЕРШЕНСТВОВАНИЕ МЕХАНИЗМОВ РАЗВИТИЯ ФИНАНСОВОЙ ГРАМОТНОСТИ РУКОВОДЯЩИХ РАБОТНИКОВ ОРГАНИЗАЦИЙ ОБЩЕГО СРЕДНЕГО ОБРАЗОВАНИЯ.»
Локман Зор   -  Ассоц.Профессор, Нийде Өмер Халисдемир университеті, тақырыбы:  «Білім берудегі цифрландыру» (Тема: Eğitimde Dijitalleşme)
Бүгінгі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жоғары деңгейде өтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: