Алматы қаласы Білім басқармасының
"№141 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-69-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-69-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Өзін-өзі басқару ұйымының Президенттігіне дауыс беру
18
октябрь
2024
Өзін-өзі басқару ұйымының Президенттігіне дауыс беру
Алматы қаласы, Әуезов ауданы, №141 жалпы білім беретін мектепте  18.10.24ж күні  өзін-өзі басқару ұйымының Президенттігіне дауыс беру өтті. Сайлауға 8,9,10,11 сынып оқушылары мен ұстаздар дауыс берді. Сайлау нәтижесінде:  9 "А" сынып- Жетпіс Тоғжан -164 дауыс 9 "Б" сынып- Ғабиденұлы Нурдаулет - 88 дауыс 9"В" сынып - Әлібай Әлібек - 89 дауыс 10 "А" сынып -  Асқарқызы Айым -77 дауыс жинады.  Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! #өзін-өзібасқаруұйымы
Өзін-өзі басқару ұйымының Президенттігіне үміткерлердің сайлауалды бағдарламасының тыңдалымы
17
октябрь
2024
Өзін-өзі басқару ұйымының Президенттігіне үміткерлердің сайлауалды
17.10.2024ж күні Алматы қаласы, Әуезов ауданы, №141 жалпы білім беретін мектепте өзін-өзі басқару ұйымының Президенттігіне үміткерлердің сайлауалды бағдарламасының тыңдалымы өтті. Мақсаты: мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, оқушылардың басқару құқықтарын жүзеге асыру, ұйымдастырушылық қасиеті бар, шешім қабылдауға қабілетті, жауапты, тәртіпті, өз бетінше таңдау жасауға дайын, белсенді өмірлік ұстанымға ие тұлғаны тәрбиелеу #өзін-өзібасқару
"Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл" тақырыбында ашық сынып сағаты
14
октябрь
2024
"Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл" тақырыбында ашық сынып
№141 жалпы білім беретін мектепте 14.10.2024 ж күні 5"Б", 4" Б", 2" Б"  сыныптарында "Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл" тақырыбында ашық сынып сағаты өткізілді. Балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында дара дарын иесінің әр шығармасы оқырман жүрегінен ои‌ып тұрып орын алды. Тұғырлы тұлға әр жылдары мектеп қабырғасында, газет-журналдарда қызмет ете жүріп, отандық әдебиетімізге олжа салған бірнеше әңгіме, повесть және романның
«Біртұтас тәрбие»бағдарламасы
11
октябрь
2024
«Біртұтас тәрбие»бағдарламасы
«Біртұтас тәрбие»бағдарламасы аясында 6 «Б» және 6"В" сыныптарының сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен оқушылар  республикалық маңызы бар,тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енген, М.О.Әуезовтің әдеби-мемориалдық мұражайына барды.  Мақсаты:Қазақ ұлттық әдебиетінің классигі М.О.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына арналған экспозициямен танысу. Оқушылар жазушының жұмыс бөлмесі,үстелі,кітаптары,жеке бұйымдары мен құжаттары,марапаттары мен фотосуреттерімен танысып келді. Оқушыларды 
"Қарттарым-асыл қазынам"
30
сентябрь
2024
"Қарттарым-асыл қазынам"
№141 жалпы білім беретін мектепте 30.09.2024 ж күні 5" А" ,  4" А" , 2 "А" сыныптарда 🌟1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай "Қарттарым-асыл қазынам" тақырыбында ашық сынып сағаттары өткізілді.
«БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ»
25
сентябрь
2024
«БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ»
Әуезов ауданы №141 жалпы білім беретін мектепте 25.09.2024 ж күні «БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ» атты білім беру ұйымының педагогикалық ұжыммен офлайн жиналыс өткізілді. Күн тәртібінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру. Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – оқушылардың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігі. Бұл – отбасы мен мектептің ғана емес бүкіл қоғамның ортақ мәселесі, әрқайсымыздан сақтықты талап етеді.
"Ертегілер еліне саяхат" атты шара
23
сентябрь
2024
"Ертегілер еліне саяхат" атты шара
23.09.2024 ж Мектеп кітапханасында кітапхана меңгерушісі А.Б Спатаева мен А.И Намазбаеваның ұйымдастыруымен"Ертегілер еліне саяхат" атты шара барысында 2 ә сынып оқушыларының қатысуымен "Жақсылық пен Жамандық" ертегісінің кейіпкерлеріне талдау жасалды, оқушылар ертегіні жан жақты талқылады.
«Еңбек-түбі береке» атты сынып сағаты
23
сентябрь
2024
«Еңбек-түбі береке» атты сынып сағаты
"Біртұтас тәрбие” бағдарламасы негізінде барлық сыныптарда «Еңбек-түбі береке» атты сынып сағаты ұйымдастырылды. Мақсаты: білім алушыларды адал еңбекке баулу, еңбектің қоғамдағы рөлін түсіндіру және адал табыс пен адал еңбектің маңызын бағалау болып табылады. #біртұтас_тәрбие
"Әсем қала - Алматы!"
19
сентябрь
2024
"Әсем қала - Алматы!"
Әуезов ауданы №141 жалпы білім беретін мектепте 19.09.2024 ж күні 4-сынып оқушыларының қатысуымен "Әсем қала - Алматы!" атты қала күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Мақсаты: Оқушыларға Алматы қаласының тарихы жағдайында түсінік беру. Оқушылардың танымын, ойын, тілін дамыту. Өз елін, жерін сүйетін, өз елінің қалаларының өркендеуіне үлес қосатын азамат етіп, тәрбиелеу.
«Тіл-татулық тірегі»
18
сентябрь
2024
«Тіл-татулық тірегі»
№141 жалпы білім беретін мектепте 2024 жылдың 18 қыркүйек күні «Тіл-татулық тірегі» атты онкүндің жабылуына арнап бастауыш әдіс бірлестігі мерекелік іс - шара өтті. Мереке барысында оқушылардың орындауында түрлі өлең жолдары, көңілді ән шашу, мың бұралған бишілер, әсерлі күйлер болды. Мақсаты: Тіл – ұлттың мақтанышы, тірегі, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, туған тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге үйрету.