«Қазақ киносы – ұлт айнасы»
Сынып жетекшілер апталығы аясында 6-сынып оқушылары арасында «Қазақ киносы – ұлт айнасы» атты сахналық көрініс байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты — оқушыларға қазақ кино өнерінің маңызын таныту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту және сахна мәдениетін қалыптастыру. Іс-шара барысында әр сынып қазақ фильмдерінен үзінділер қойып, кейіпкерлердің бейнесін шынайы сомдай білді. Оқушылар өздерінің актерлік шеберліктерін, тіл байлығын, сахнада өзін ұстау мәдениетін