12
май
2026
Мектебімізде Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күніне арналған әскери-патриоттық шеру ұйымдастырылып өткізілді
Мектебімізде Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күніне арналған әскери-патриоттық шеру ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, ерлік пен батырлықты дәріптеу болды.Шеруге мектептің 10-сынып оқушылары қатысты. Оқушылар саптық жүріс, әскери дайындық элементтері мен тәртіп сақтау бойынша өздерінің дайындық деңгейлерін көрсетті. Әр сынып белсенділік танытып, мерекелік шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысты.
Іс-шара барысында оқушылар әскери әндер орындап, Жеңіс күніне арналған өлеңдер оқылды.
Шеру соңында белсенділік танытқан, ұйымдастыру жұмыстарына ерекше атсалысқан және саптық дайындықта үздік нәтиже көрсеткен оқушылар мектеп әкімшілігі тарапынан марапатталды.
Аталған іс-шара оқушылардың патриоттық рухын көтеріп, ұйымшылдыққа, тәртіпке және елін құрметтеуге тәрбиелеуде маңызды рөл атқарды.