Мектеп аумағында тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
2026 жылғы 25 сәуір күні Алматы қаласында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілік аясында мектеп аумағында тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның мақсаты — мектеп аумағын көркейту, санитарлық жағдайын жақсарту және қоршаған ортаны таза ұстау мәдениетін қалыптастыру. Сенбілік барысында мектеп аумағы толық тазартылып, қоршау маңындағы 5 метрлік аймақ ретке келтірілді. Қоқыс, жапырақтар және тұрмыстық қалдықтар жиналып, арнайы қаптарға салынып, белгіленген контейнерлік алаңға