12
июнь
2026
«Балауса» жазғы лагерінің жабылу рәсімі
«Балауса» жазғы лагерінің жабылу рәсімі ерекше әсерлі әрі көңілді өтті. Балалар лагерь бойы алған әсерлерімен бөлісіп, өнерлері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Іс-шара барысында Әкелер күніне орай балалар өз әкелеріне арнап әсем суреттер салып, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Сонымен қатар, тәрбиеленушілердің қатысуымен «Ғажайып сән шеруі» ұйымдастырылып, балалар өздерінің ерекше киім үлгілерін көпшілікке таныстырды. Сән көрсетілімі көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, мерекенің сәнін келтірді.
Шара соңында лагерь өміріне белсене қатысқан балалар марапатталып, алғыс хаттар мен сыйлықтарға ие болды. Балалардың жүзіндегі қуаныш пен шаттық мерекенің ерекше өткенін аңғартты.
«Балауса» лагерінде өткен қызықты күндер әр баланың жүрегінде жарқын естелік болып сақталады. Барша балаларға көтеріңкі көңіл-күй, жарқын болашақ және сәтті демалыс тілейміз!