Алматы қаласы Білім басқармасының
"№141 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-69-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-69-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
май
2026

«Соңғы қоңырау» 2026

2026 жылғы 25 мамыр күні мектебімізде «Соңғы қоңырау» салтанатты іс-шарасы жоғары деңгейде өткізілді. Іс-шара барысында мектеп директоры құттықтау сөз сөйлеп, бітіруші түлектерге ақ жол тілеп, болашақтарына сәттілік тіледі. Сонымен қатар мектеп ұстаздары мен ата-аналар да жылы лебіздерін білдіріп, оқушыларға жүрекжарды тілектерін айтты.

Мерекелік кеште 11-сынып оқушылары өлең айтып, ән шырқап, би биледі. Сондай-ақ мектеп бітіруші түлектер дәстүрлі соңғы вальс биін орындап, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Іс-шара барысында оқушылардың мектеп өмірінен дайындалған естелік сәттері көрсетіліп, белсенді әрі үздік оқушылар марапатталды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: