Алматы қаласы Білім басқармасының
"№141 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-69-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-69-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
1 сыныптар арасында “1001 мақал,101 жұмбақ” сайысы өткізілді
21
апрель
2026
1 сыныптар арасында “1001 мақал,101 жұмбақ” сайысы өткізілді
21.04.2026 ж күні мектебімізде 1 сыныптар арасында “1001 мақал,101 жұмбақ” сайысы өткізілді Мақсаты: Оқушыларды «Сөз мәйегі-мақал» дегендей. ата-бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету; Сөз өнері арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту; Оқушыларды тапқырлыққа, даналыққа және ана тілін сүюге, кұрметтеуге тәрбиелеу.
"Спорт - сенің серігің!" атты 4 сыныптар арасында футбол жарысы өткізілді
21
апрель
2026
"Спорт - сенің серігің!" атты 4 сыныптар арасында футбол жарысы
21.04.2026ж күні  мектебімізде  "Спорт - сенің серігің!" атты 4 сыныптар арасында футбол жарысы өткізілді. Жарыстың мақсаты:  Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, белсенділікке, қайсарлыққа, ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.  Жарыс нәтижесінде: оқушылар өте жақсы ойын көрсетіп, мақтау қағаздарымен марапатталды. 1 орын 4ә сыныбы 2 орын 4в сыныбы 3 орын  4а сыныбы 4 орын 4б сыныбы  Жарысты ұйымдастырушылар: студент практиканттар  Сарқытбай Нурсултан
«Құндылыққа негізделген тәрбие – ұлт болашағының іргетасы» атты ашылу салтанаты
21
апрель
2026
«Құндылыққа негізделген тәрбие – ұлт болашағының іргетасы» атты ашылу
Мектебімізде 5-сынып жетекшілерінің қатысуымен «Құндылыққа негізделген тәрбие – ұлт болашағының іргетасы» атты ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар бойына ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіру, тәрбие жұмысын жүйелі ұйымдастыру, сынып жетекшілерінің өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау және тәрбие жұмысының маңыздылығын арттыру болды.