«Менің атым Қожа» повесі
Мектебімізде 6-сынып оқушылары арасында «Оқуға құштар” жобасы бойынша Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі оқуға берілген болатын. Бұл повесть бойынша екі кезең өткізілді, үшінші кезеңде осы шығарманың желісі бойынша оқушылар көрініс көрсетті. «Маған ұнайтын кейіпкер» кезеңінің мақсаты: Оқушыларға жазушы өмірімен шығармашылығын таныстыра отырып, әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білімдерін толықтыру; Оқушылардың ой-өрісін, қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;