Алматы қаласы Білім басқармасының
"№141 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-69-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-69-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
22
декабрь
2022
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
№141 жалпы білім беретін мектепте 2022 жылдың 19-30 желтоқсан аралығында  "Балалар—мемлекетіміздің жарқын болашағы" атты дене шынықтыру және эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты спорттық сайыс өткізілді. Мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттай отырып эстафета спорттық ойынын дамыту және спортшылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту. Оқушылардың дене дайындығын арттырып, денсаулығын нығайту
"Шебер көп жерде өнер көп"
22
декабрь
2022
"Шебер көп жерде өнер көп"
№141 жалпы білім беретін мектептің эстетика пәндер онкүндігі аясында "Шебер көп жерде өнер көп" атты бейнелеу өнерінен 5- сыныптар арасында сайыс болды. Мақсаты: Оқушылардың  шығармашылық идеяларын іске асыру мақсатында әр түрлі әдістерді пайдаланып (монатипе, кляксия, көз жұмып т.б), техникаларды қолданып оқушылар өз өнерлерін көрсету арқылы сайысу.  Пән мұғалімі: Кабулова Б.Л.
"Қыз еркем, кестесімен көркем"
21
декабрь
2022
"Қыз еркем, кестесімен көркем"
№141 жалпы білім беретін мектептің эстетикалық пәндер онкүндігі аясында  21.12.22 күні, көркем еңбек пәнінен "Қыз еркем, кестесімен көркем" атты қыз балалар арасында сайыс  өткізілді. Мақсаты: Қыз балалар тігістің түрлерін, әр түрлі бұйымдар жасауды қазақтың қолөнеріне  деген шеберліктерін сайысқа қатысу арқылы көрсету. Пән мұғалімдері: Кабулова Б., Жапарова С.
"Гипстің заманауи техникасы"
20
декабрь
2022
"Гипстің заманауи техникасы"
20.12.2022 ж. көркем еңбек пәні мұғалімі Жапарова Салтанат Аминова "Гипстің заманауи техникасы" атты мұғалімдер арасында шеберлік сабақ өтті.  
"Балалар—мемлекетіміздің жарқын болашағы" атты эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндігі
19
декабрь
2022
"Балалар—мемлекетіміздің жарқын болашағы" атты эстетикалық пәндер
№141 жалпы білім беретін мектепте 19.12-30.12.2022 күндері аралығында "Балалар—мемлекетіміздің жарқын болашағы" атты эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында "Ұлттық қолөнер— тәрбие көзі" тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: Қазақ халқының қолөнер үлгілерімен таныстыру, әсемдікті тани білуге баулу.
"Ұлттық қолөнер-тәрбие көзі"
19
декабрь
2022
"Ұлттық қолөнер-тәрбие көзі"
№141 жалпы білім беретін мектептің Эстетикалық пәндер он күндігі аясында  19.12.22 күні "Ұлттық қолөнер-тәрбие көзі" атты оқушылардың жасаған қолөнер бұйымдары мен көрме ашылуы болды. Мақсаты: Қазақ халқының мол қолөнер үлгілерімен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету. Оқушыларды әсемдікті тани білуге баули отырып, эстетикалық ой өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу. Пән мұғалімдері: Кабулова Б.,Жапарова С.,Оразбаев Н., Тұрғанбаева Г.
"Елім деп соққан жүрегім"
15
декабрь
2022
"Елім деп соққан жүрегім"
№141 жалпы білім беретін мектепте 8-сынып оқушыларымен ҚР Тәуелсіздігінің 31 жылдығына, Желтоқсан көтерілісінің 36 жылдығына орай  Желтоқсан қаһарманы, мектебіміздің математика пәні мұғалімі  Сулейменова Жанар Жакуллақызының азаматтық ерлігін насихаттауға арналған "Елім деп соққан жүрегім" атты 8-сынып оқушыларымен кездесу өткізілді.
"Рәміздер-Тәуелсіздік тұмары"
13
декабрь
2022
"Рәміздер-Тәуелсіздік тұмары"
13.12.2022 ж күні № 141 жалпы білім беретін мектепте ҚР Тәуелсіздік күні  мерекесіне орай  2"Ә" сыныбында "Рәміздер - Тәуелсіздік тұмары" атты ашық сынып сағаты өтті. Сынып жетекшісі:Омарова Саламат Турсуновна.