Алматы қаласы Білім басқармасының
"№141 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-69-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-69-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Өнер сиқыры
14
октябрь
2022
Өнер сиқыры
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің Балалар жылына орай ұйымдастырылған "Өнер сиқыры" атты халықаралық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы көрмесіне қолдау көрсетіп, жастарды өнерге баулып, оқушының шеберлік деңгейін арттырып бала жанының бағбаны бола білген жетекшілері №141ЖББМ-тің көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Аманкулова Мира  және Жапарова Салтанат алғыс хатпен және көрмеге қатысқан оқушылар дипломмен марапатталады. Құттықтаймыз! #Балаларжылы
«Баланың бас ұстазы –ата-ана»
24
сентябрь
2022
«Баланың бас ұстазы –ата-ана»
№141 жалпы білім беретін мектепте 21, 22, 23.09.2022 күндері  1,5,11-сыныптарда «Баланың бас ұстазы –ата-ана» атты ата-аналар жиналысы болды. Ата-аналар жиналысы қазіргі заманның талабына сай жаңа форматта тренинг  түрінде өткізілді.  Күн тәртібінде биылғы 2022-2023 оқу жылындағы оқу -тәрбие ерекшеліктері, мектептің ішкі тәртіп ережелері және ҰБТ ерекшеліктері туралы айтылды. Ата-аналар жиналысына мектеп әкімшілігі қатысып, сұрақтар  мен ұсыныстарын қабылдады. Жиналыс өз деңгейінде өтті.
«Отбасының қоғам өміріндегі маңызы» тақырыбында ашық сабақ
22
сентябрь
2022
«Отбасының қоғам өміріндегі маңызы» тақырыбында ашық сабақ
22.09.2022 ж. күні  Алматы қаласы № 141 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қараул Әсем Талғатқызы 4 «Ғ» сыныбында дүниетану пәнінен «Отбасының қоғам өміріндегі маңызы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: -  отбасының қоғам өміріндегі маңызын дәлелдеу;                                                                  - отбасы мүшелерінің функционалдық рөлін талдау. Сабақта  «Мен  ақылды   баламын»,  «Жасырын сөз», «Ойлан, жұптас, бөліс» әдістері қолданды.
"ЖЖЕ,Өрт қауіпсіздігі,техника қауіпсіздігі" сынып сағаты
06
сентябрь
2022
"ЖЖЕ,Өрт қауіпсіздігі,техника қауіпсіздігі" сынып сағаты
141 жалпы білім беретін мектепте 06.09.2022 ж күні "ЖЖЕ,Өрт қауіпсіздігі,техника қауіпсіздігі" бойынша 1-11 сынып оқушыларына сынып сағаты өтілді
"Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау" тақырыбында қалалық семинар
19
апрель
2022
"Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беру қажеттіліктері бар
19.04.2022 ж.Алматы қаласы 141 жалпы білім беретін мектепте  "Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау" тақырыбында қалалық семинар өтті.Семинарға "Өрлеу" БАҰО АҚ,Алматы қаласы бойынша кәсіби даму институтының Жж ГПОӘ кафедрасының аға оқытушысы Гүлбала Кеніштайқызы,Әуезов аудандық білім бөлімінің әдіскері Байшимирова Гульзира Бейсенгалиевна,Алматы қаласының  жалпы орта білім беретін ұйымдарының математика пәні мұғалімдері
Құттықтаймыз
06
апрель
2022
Құттықтаймыз
Алматы қаласы Әуезов ауданы жас педагогтардың арасында өткен "Өз жұлдызыңды жақ" атты аудандық сайыста 2 жылдық еңбек өтілімен ІІІ орын иегері №141 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Туеши Гульмира марапатталды. Құттықтаймыз 💐
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Қазақстан халқына жолдауы
30
март
2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жаңа Қазақстан: жаңару мен
Мектеп ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Қазақстан халқына жолдауын жалпы ұстаздардың педагогикалық кеңесінде тарих пәнінің мұғалімі Алигулова Айнұрдың баяндамасы арқылы тыңдады. Жолдау баяндамасы мектебіміздің мәжіліс залында ұйымдастырылды.