Алматы қаласы Білім басқармасының
"№141 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-69-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-69-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
”Spelling Bee” атты сайыс сабағы
27
январь
2023
”Spelling Bee” атты сайыс сабағы
27.01.23 ж күні ”Spelling Bee” атты сайыс сабағы 4 сыныптар арасында өтті. “Spelling Bee” қазақ тіліне аударғанда “Сауатты аралар" деп аталады.Бұл сайыс сабақ түрі АҚШ мемлекетінде пайда болған деген айғақ бар. Қазіргі таңда да көп мемлекеттерде жүргізіледі. Бұл жарыс сабағының ережесі сөздерді әріппен айтып дұрыс жеткізу. Пән  мұғалімі:  Естай Жұлдыз Бақытқызы
“Science experiments and activities “ атты зерттеу сабағы
27
январь
2023
“Science experiments and activities “ атты зерттеу сабағы
“Тіл - әр ұлттың туған анасы” атты ағылшын тілі пәні онкүндігі аясында 10-сыныптар арасында 27.01.2023 ж. күні “Science experiments and activities “ атты зерттеу сабағы өтілді.  10 “Ә” ”Ravenclaw” тобы 1-ші орынға, 10”Б” “Youth of Century” 2-ші орынға, 10”А” “Fullmetal Alchemist” тобы 3 орынға ие болды.  Пән мұғалімі: Карашева Толкын Алимжановна.
CLIL кіріктірілген сабақтар фестивалі
14
декабрь
2022
CLIL кіріктірілген сабақтар фестивалі
Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми- әдістемелік орталығы СLIL кіріктірілген сабақтар фестивалінің команда жеңімпаздарының іс тәжірибесін жоғары дәрежеде көрсеткені үшін № 141 жалпы білім беретін мектептің  мұғалімдері Кайынбаева Б.О, Шенгелбаева Н.Р, Ергешова Ж.Қ, Тоқтағұл С.Е  ІІ дәрежелі дипломмен марапатталады. Құттықтаймыз!
"Ата-ана, мектеп, оқушы ынтымақтастығы".
11
ноябрь
2022
"Ата-ана, мектеп, оқушы ынтымақтастығы".
Қарашаның 11-і 3"Б" сыныбында ата-аналар жиналысы өтті.  Ата-ана жиналысының мақсаты: Ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде білім сапасын жақсарту жолында, мектеп, ата-ана және оқушы үштік одақ болып  белсенділігін арттыру. Осы орайда мектеп және ата-ана байланысын нығайту. Жиналыс барысында оқушыларды ата-аналар тарапынан бақылауды күшейту арқылы балалардың қауіпсіздіігінің кепілі екендігі, мұғалім мен ата-аналардың арасындағы байланыстың болуы, әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны туралы айтылды.  
Мен-көшбасшымын
11
ноябрь
2022
Мен-көшбасшымын
2022 жылдың 11 қараша күні МЕН-КӨШБАСШЫМЫН" атты білім беру ұйымдарының мектеп және студенттер парламенттері көшбасшыларының қалалық слетіне 141 ЖББМ-тің 11 "Ә" сынып оқушысы Есмұрат Адия қатысты. Жетекшісі: Байқұтова Алима Асқарқызы. #өзінөзібасқаруұйымы#балаларжылы
Өнерлі өрге жүзеді
09
ноябрь
2022
Өнерлі өрге жүзеді
"Ұстаз "АҚЖКО мүшелері болып табылатын  білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымдар арасында өткізілген "Өнерлі өрге жүзеді "аудандық музыкалық байқауының I орын  жүлдегері 141ЖББМ ұжымының "Жетісу "хор ұжымы марапатталды. Мектеп ұжымын құттықтаймыз!
Өнерлі өрге жүзеді
09
ноябрь
2022
Өнерлі өрге жүзеді
"Ұстаз "АҚЖКО мүшелері болып табылатын  білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымдар арасында өткізілген "Өнерлі өрге жүзеді "аудандық кезеңінде "Аспаптық" жанр номинациясы бойынша ІІІ орын иеленген №141  ЖББМ-тің "Жігер" домбыра үйірмесінің жетекшісі Саутай Мақсат марапатталады! Құттықтаймыз!
«АИТВ инфекциясының мәселелері және оның алдын алу» тақырыбында  семинар-тренинг
31
октябрь
2022
«АИТВ инфекциясының мәселелері және оның алдын алу» тақырыбында
⚜️Бүгін №141 жалпы білім беретін мектепте 31.10.2022 ж күні сағат 11.00-де   Алматы қалалық ЖИТС орталығының эпидемиолог-дәрігері Күмісбек Перизат  мұғалімдерге «АИТВ инфекциясының мәселелері және оның алдын алу» тақырыбында  семинар-тренинг өткізді.
Құттықтаймыз!
15
октябрь
2022
Құттықтаймыз!
Радиоэлектроника және байланыс әскери - инженерлік институтының құрылу күні мерекесіне орай өткен шағын футболдан Алматы қаласы Әуезов ауданы мектеп оқушылары және курсанттар арасында өткен жарыста ІІІ орын алғаны үшін №141 жалпы білім беретін мектептің 10 сынып оқушылары және оқушылар дайындығын жақсы ұйымдастырғаны үшін АӘД пәні оқытушысы, сержант Оңғарбаев Жандос марапатталады. Құтты болсын!