Алматы қаласы Білім басқармасының
"№141 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-69-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-69-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Компьютерде және құжатта ақпарат іздеу" тақырыбында ашық сабақ
14
февраль
2022
"Компьютерде және құжатта ақпарат іздеу" тақырыбында ашық сабақ
14 ақпан күні онкүндіктің аясында олқылықтардың орнын толықтыру бойынша жұмысты информатика пән мұғалімі Қадырхан Қилым 3 "г" сыныбымен "Компьютерде және құжатта ақпарат іздеу" тақырыбында ашық сабақ өткізді
"Әлемнің ғажайып үш тірегі" атты онкүндігінің ашылу салтанаты
14
февраль
2022
"Әлемнің ғажайып үш тірегі" атты онкүндігінің ашылу салтанаты
14 ақпан математика, физика және информатика пәндерінің "Әлемнің ғажайып үш тірегі" атты онкүндігінің ашылу салтанаты болды. Онкүндіктің мақсаты:   Оқушылардың пән оқуға қызығушылығын арттыру, олардың жағымды эмоциясын тудыру, дербес қорытынды жасауға және жалпылауға негіздеу, күнделікті өмірде математика, физика және информатика мәліметтерін қолдану немесе дәл ғылымдардың жұмбақ әлеміне кіре отырып, оқушылар ой өрісі мен түсінігін байыту.
"Қар көшкіні" таудағы қауіпсіздік ережелері жайлы интерактивті сабақ
08
февраль
2022
"Қар көшкіні" таудағы қауіпсіздік ережелері жайлы интерактивті сабақ
№141 жалпы білім беретін мектепте 08.02.2022 ж күні 1-11 сыныптарда Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің "Қар көшкіні" таудағы қауіпсіздік ережелері жайлы интерактивті сабақтың көрсетілімі өтті. @edu.almaty @almaty_mektepteri @almaty_tjd
«Мейірімін төгетін ана»
02
февраль
2022
«Мейірімін төгетін ана»
2022 жылдың 2-ақпан  күні мектебімізде 1-сынып оқушылары өзін-өзі тану пәні мұғалімдерімен бірге, үлкен жүректі Ел Анасы Сара Алпысқызының еңбектерімен, өмірімен танысу үшін мектеп кітапханасына саяхат жасады. Кітапханада арнайы Сара анамызға арналған «Мейірімін төгетін ана» атты  шығармашылық көрмесін тамашалады. Көрме барысында алтын жүрек анамыздың өмірімен, шығармашылығымен танысып, ертегілер әлеміне де саяхат жасады. Саяхат соңында жас бүлдіршіндер Сара апамызды туған күнімен құттықтап,
«Сенде бір кірпіш дүниеге...»
02
февраль
2022
«Сенде бір кірпіш дүниеге...»
Мектебімізде 11-сынып оқушыларына арналған «Сенде бір кірпіш дүниеге...» атты психолог Баянғазы Әмір Балғынбекұлымен  кездесу өтті. Кездесу барысында психолог оқушыларға өмірде өз орнын табуға, мамандық таңдауға, өз бойындағы қабілеттерін анықтауға арналған өз кеңестерімен бөлісті. Сондай-ақ, Әмір Балғынбекұлы өзін-өзі тану пәні мұғалімі ретінде рухани-адамгершілік тәрбие беретін пәннің ерекшеліктерін ашты. Мектеп бітіруші түлектерге өмірде жетістікке жету үшін жалпы адамзаттық құндылықтар
«Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры»  тақырыбындағы онкүндігінің жабылу салтанаты
27
декабрь
2021
«Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбындағы онкүндігінің
27.12.2021 ж. Алматы қаласы № 141 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып әдіс бірлестігінің   «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры»    тақырыбындағы онкүндігі қорытындыланып, жабылу салтанаты өтті. Бірлестік жетекшісі Бекеева Ақерке Құдышқызы «Wordwall» бағдарламасындағы «Ұяшықты таңда» ойыны арқылы онкүндік аясында өткен іс-шаралардан сұрақтар қойды. 1-4 сынып оқушыларының жасаған қолөнерлерінен көрме көрсетілді. Бастауыш сынып мұғалімдері   ән –шашу арнай отырып, ұжымға   тамаша
Білімді мыңды жығар» тақырбында мектепішілік пәндік олимпиада
24
декабрь
2021
Білімді мыңды жығар» тақырбында мектепішілік пәндік олимпиада
24.12.2021 ж.  Алматы қаласы № 141 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып әдіс бірлестігінің онкүндік аясында мектебімізде 4- сыныптар арасында «Білімді мыңды жығар» тақырбында мектепішілік пәндік олимпиада ұйымдастырылды.Олимпиаданың мақсаты: 4- сынып оқушыларының білім –білік дағдыларын анықтау; логикалық ой-өрісін дамыту; білімге құштарлықтарын арттыру; дарынды оқушылармен жұмысты жандандыру. Олимпиадаға әр сыныптың дарынды 15 оқушысы қатысты. Математика пәні мен қазақ тілі пәнінен
«Табиғат ресурстарының көздері» тақырыбында ашық сабақ
24
декабрь
2021
«Табиғат ресурстарының көздері» тақырыбында ашық сабақ
24.12.2021 ж. Алматы қаласы № 141 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Акберлиева Роза Матхеновна 2 «Ә» сыныбында « Табиғат ресурстарының көздері » тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: -  табиғат ресурстарының қолданысын анықтау; -табиғат ресурстарын ажыратып үйрену; -табиғат ресурстарының көздерімен танысу. Сабақта мұғалім « Жедел жауап »,  «Мозайка», «Төрт сөйлем» әдістерін қолданып, топтық және жұптық жұмыстар жасай отырып, сабақтың мақсатына жетті.
«Судың еріткіштік қасиеті» тақырыбында бинарлық сабақ
24
декабрь
2021
«Судың еріткіштік қасиеті» тақырыбында бинарлық сабақ
24.12.2021 ж. Алматы қаласы № 141 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі, жас маман  Туеши Гульмира тәлімгері Маженбаева Эльмира Амангелдіқызымен бірге 4 «Ғ» сыныбында «Судың еріткіштік қасиеті» тақырыбында бинарлық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: - заттың қасиетіне байланысты қолдану аясын анықтау; - алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну. Сабақта мұғалімдер «Wordwall» бағдарламасындағы «Сандар ұяшығы» ойынын, «Ақиқат-жалған» әдісін қолданды. Оқушыларға зерттеу жұмыстарын