Алматы қаласы Білім басқармасының
"№141 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-69-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-69-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Жүректен жүрекке» мейірімділік акциясы
08
февраль
2021
«Жүректен жүрекке» мейірімділік акциясы
2021 жылдың 8 ақпан күні №141 жалпы  білім беретін мектепте «Өзін – өзі тану» пәнінің негізін қалаушы Сара Алпысқызының 80 жылдық мерей тойына орай «Жүректен жүрекке» мейірімділік акциясы өтті.Мектебіміздің  өзін – өзі тану пәні  мұғалімдері  кезекші 1-сынып оқушылары үшін оқу құралдарын тарту етті. Акцияның негізгі мақсаты  балаларға қуаныш сыйлау, ұрпағымызды қайырымдылыққа үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулу.
"Құқықбұзушылықтың алдын-алу  басты мақсат" тақырыбында  дәріс
02
февраль
2021
"Құқықбұзушылықтың алдын-алу басты мақсат" тақырыбында дәріс
Бүгін 02.02.2021 жылы №141 жалпы білім беретін мектепте «Құқықбұзушылықтың алдын алу – басты мақсат» тақырыбында  11 «А», 11 «Ә», 11 «Б» сынып оқушыларына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп испекторы және сынып жетекшілердің қатысуымен дәріс оқылды. Мақсаты: Жасөспірімдер мен мектеп оқушыларының арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау. Жалпы дәріске 55 оқушы қатысты. Дәрісте  оқушыларға  оқу кезіндегі мақсаттары мен міндеттерін айтумен қатар, тәртіпбұзушылық
"Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?" онлайн дәріс
22
январь
2021
"Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?" онлайн дәріс
№141 жалпы білім беретін мектепте 22.01.2021 ж ерте жүктіліктің зияны және оның алдын-алу мақсатында "Ерте жүктіліктің ертеңі қандай" тақырыбында 10-11 сынып оқушыларына №10 қалалық емхананың акушер-гинеколог дәрігері Абдикасымова Гүлім Ерланқызы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, дәріс оқыды. Дәріс мазмұнды өтті.
«Қандай кітап оқып жатырсыз?» челлендж
28
декабрь
2020
«Қандай кітап оқып жатырсыз?» челлендж
№ 141 жалпы білім беретін мектепте 2020 жылдың  03 қараша – 03 желтоқсан аралығындағы  еліміздің Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Қандай кітап оқып жатырсыз?» жолдауы  аясында Алматы қаласы, Әуезов аудандық  кітапханашылардың ұйымдастыруымен "Президент ұсынған 30 кітап" "Үйде отырып кітап оқимыз" атты «Абай, Әл –Фараби шығармаларынан»  қашықтықтан видео- челлендж, эссе жазу жұмыстары ұйымдастырылды.  Аталған байқауға қатысқан  оқушыларымызды:  8 «Б»  Ерболатқызы Дана, 6 «Ә» Дүйсен Жеңіс, 4 «Ә»
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні
15
декабрь
2020
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні
Тәуелсіздік күні мерекесіне орай №141 жалпы білім беретін мектепте 7-8 сынып оқушыларының қатысуымен Қазақстан Республикасының Еңбек ардагері , Білім беру ісінің үздігі, еліміздің тәуелсіздігін алуға өзіндік үлес қосқан қоғам қайраткері. Әуезов аудандық «Нұр Отан » партиясының белсенді мүшесі «Ерен еңбегі », «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 және 20 жылдық » мерекелік медальдарының  және «Намыс» орденінің иегері Сарқытбаева Дария Әбіқұлқызымен қашықтан кездесу өтті. Дария
"Нашақорлықтың алдын алу" тақырыбында дәріс өтті.
24
ноябрь
2020
"Нашақорлықтың алдын алу" тақырыбында дәріс өтті.
Әуезов ауданы, №141 жалпы білім беретін мектепте 24.11.2020 жылы сағат 15:00-де zoom платформасы арқылы 8,9,10 сыныптар аралығында «Нашақорлықтың алдын-алу» тақырыбында нарколог-дәрігер Кенесбаева С.К қатысуымен онлайн дәріс өткізілді. Қатысқан мұғалімдер саны – 7. Қатысқан оқушылар саны- 86.
Адалдық сағаты
17
ноябрь
2020
Адалдық сағаты
17 қараша күні №141 жалпы білім беретін мектепте «Адалдық. Парасаттылық. Әділдік. Сенім»  тақырыбында 1-11 сынып оқушылары арасында атты бірыңғай адалдық сағаттары  өткізілді. Мақсаты: жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу.
Адалдық сағаты
06
ноябрь
2020
Адалдық сағаты
ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен жалпыреспубликалық " Адалдық сағаты" акциясы шеңберінде танымал спортшы, аралас жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ Назаровпен бейнетүсірілім әзірленді. Аталған әлеуметтік бейнеролик қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы идеологияны әлеуметтік желілер арқылы халыққа парасаттылық, адалдық сынды қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған. 
Адалдық сағаты
03
ноябрь
2020
Адалдық сағаты
03.11.2020 жылы №141 ЖББМ - те "Ар-намысты арқалаған рухты батыр Бауыржан" тақырыбында онлайн адалдық сағаты өтті
2020-2021 оқу жылының І тоқсанында орта білім беру ұйымдарын қаржыландыруда бюджеттен бөлінген қаржы ресурстарын жұмсау туралы есеп
23
октябрь
2020
2020-2021 оқу жылының І тоқсанында орта білім беру ұйымдарын
№141 жалпы білім беретін мектепте 23.10.2020 жылы 2020-2021 оқу жылының І тоқсанында орта білім беру ұйымдарын қаржыландыруда бюджеттен бөлінген қаржы ресурстарын жұмсау туралы  мектеп директоры Б.Б.Умбетова ата-аналар жиналысында есеп берді.